Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ашық сабақ: "Ерітінділердің массалық үлесін анықтау"
05
декабрь
2025
Ашық сабақ: "Ерітінділердің массалық үлесін анықтау"
5.12.2025 жылы 5 «Ә» сыныбының 1-тобында Жаратылыстану пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. 🔬 Тақырыбы: Ерітінділердің массалық үлесін анықтау 🎯 Мақсаты: Ерітінділердегі заттардың массасын және олардың массалық үлесін формула мен тәжірибе арқылы анықтау. 🧪 Ашық сабақ барысында оқушылар берілген ерітіндідегі заттардың массаларын тәжірибе жүзінде өлшеп, формула арқылы есептеу жолдарын меңгерді. Тәжірибелік жұмыс арқылы оқушылардың зерттеу дағдылары жетілдірілді. 👩‍🏫 Пән мұғалімі: Калыева Ақбота
Бірімжанов атындағы химия олимпиадасы
04
декабрь
2025
Бірімжанов атындағы химия олимпиадасы
Алматы қалалық жоғарғы сынып оқушылары арасында өткен «Бірімжанов атындағы химия олимпиадасында» үздік білім көрсетіп, ерекше көзге түскені үшін Аязбай Кәусар «Химия-Биология» мектебі атынан курсқа жолдама алды. 🎉🔬📘 Құттықтаймыз, Аязбай Кәусар! 🌟🎉 Сенің талантың мен еңбегің осындай тамаша нәтиже әкелді!
Бірімжанов атындағы химия олимпиадасында
04
декабрь
2025
Бірімжанов атындағы химия олимпиадасында
Алматы қалалық жоғарғы сынып оқушылары арасында өткен «Бірімжанов атындағы химия олимпиадасында» үздік білім көрсетіп, жоғары нәтиже танытып, 🥇I орын алғаны үшін 11 «Б» сынып оқушысы Улдаханова Аянат марапатталды. 🎉📘 Сондай-ақ, 200 000 теңге сыйақыға ие болды. Жарайсың, Аянат! Жетістіктерің мол болсын, алға қойған биіктеріңе жету жолында әрдайым сәттілік серік болсын!
«JUNIORSKILLS-2025» республикалық кәсіби шеберлік байқауы
03
декабрь
2025
«JUNIORSKILLS-2025» республикалық кәсіби шеберлік байқауы
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы «JUNIORSKILLS-2025» республикалық кәсіби шеберлік байқауында «Мобильді робототехника» құзыреті бойынша 🥉ІІІ орын алғаны үшін Мереке Амир ,Нарифқұл Амир марапатталды.🎉🤖✨ Жетістіктерің көп болып, әрқашан биіктерден көріне беріңдер!
FAGG Trophy және Academic Cup жарыстары
02
декабрь
2025
FAGG Trophy және Academic Cup жарыстары
Қазақстан құрамасы Самоков қаласында (Болгария) өтетін әлем чемпионатының алдында ұйымдастырылған FAGG Trophy және Academic Cup жарыстарында табысты өнер көрсетті. Бұл турнирлерге 29 елден келген 1000 спортшыдан құралған 138 команда қатысты. Лицейіміздің 9 “Г” сыныбының оқушысы Джаболдинова Адия-да осы құраманың сапында өнер көрсетіп, өз шеберлігін жоғары деңгейде танытты. 
Қазақстан Білім Олимпиадасы
29
ноябрь
2025
Қазақстан Білім Олимпиадасы
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 11 «Б» сынып оқушысы Улдаханова Аянат Мамандандырылған білім беру ұйымдардың 10-11 сыныптар арасында өткен «Қазақстан Білім Олимпиадасында» Химия пәні бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, 🥉ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 📍Жетекшісі: Мықтыбек Таңірберген Бақытжанұлы Құттықтаймыз!
№2 Әдістемелік кеңес
27
ноябрь
2025
№2 Әдістемелік кеңес
27.11.2025ж. М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде №2 Әдістемелік кеңес өтті. Күн тәртібі: 📘 «Педагогтің әдеп нормаларын сақтау – кәсіби мәдениеттің айнасы» 🧩 Заманауи оқыту әдістерінің қолданылу барысын зерделеу. Шебер сабақ 🏅 Олимпиада резерві мектептерінің жұмысы 📚 Мектепішілік пәндік олимпиаданы өткізу іс-шаралары 🚀 Білім сапасы 40%-дан төмен сыныптардың үлгерімін арттыру мақсатында шығармашылық топтар құру.
Ашық сабақ: «3Д  понарама және виртуалды тур»
27
ноябрь
2025
Ашық сабақ: «3Д понарама және виртуалды тур»
Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінің 4-курс студенті Бахытжан Жарқынай 11«В» сыныбына «3Д  понарама және виртуалды тур» тақырыбында ашық сабақ өтті.📚
Сурет байқауы: «Экологиялық мәдениет»
26
ноябрь
2025
Сурет байқауы: «Экологиялық мәдениет»
26 қараша 2025 жылы мектепте 5–6 сынып оқушылары арасында «Экологиялық мәдениет» 🌿 тақырыбындағы сурет байқауы өтті. Шараның мақсаты – табиғатты қорғауға деген сүйіспеншілікті арттыру, экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру және шығармашылықты дамыту 🎨. Балалар табиғатты аялау 🍃, орман тазалығы 🌲, жануарларға қамқорлық 🐾, су мен ауаны қорғау 💧🌬️ секілді тақырыптарды суреттерінде бейнелеп, өз идеяларын таныстырды. 🏆 Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша марапатталды: * «Ең үздік композиция»
Танымдық экскурсия: «Білімге бағытталған биологиялық саяхат»
26
ноябрь
2025
Танымдық экскурсия: «Білімге бағытталған биологиялық саяхат»
2025 жылдың 26 қараша күні «Мектептен тыс оқыту - білім көзін кеңейту» жобасы аясында 7 «Г» сынып оқушыларымен «Білімге бағытталған биологиялық саяхат» тақырыбында танымдық экскурсия ұйымдастырылды 😊. Экскурсия аясында оқушылар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология факультетіне барып, кафедра жанындағы биологиялық мұражаймен танысты 🐾🧬.