Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Бес асық» ұлттық ойынынан ұйымдастырылған қалалық турнир
16
декабрь
2025
«Бес асық» ұлттық ойынынан ұйымдастырылған қалалық турнир
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Ұлы мерекені ұлықтайық!» тақырыбында Алматы қаласының 5–6 сынып оқушылары арасында өткен «Бес асық» ұлттық ойынынан ұйымдастырылған қалалық турнирде жүлделі 🥉ІІІ орын иеленген: 🌟 Аққұл Раяна, 🌟 Анарбек Айзере, 🌟 Қайрбек Сабрина қыздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! 👏🎉 Сіздерге алдағы уақытта зор денсаулық, толағай табыс және жаңа жеңістер тілейміз! Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, биік белестерді бағындыра беріңіздер! 💪
Ашық сабақ: "Тынысалу мүшелері. Адамның тынысалу жолдарының құрылысы"
15
декабрь
2025
Ашық сабақ: "Тынысалу мүшелері. Адамның тынысалу жолдарының құрылысы"
Ғылыми-жаратылыстану кафедрасының айлығы аясында, биология пәнінен 15.12.2025 ж. 7 «Г» сыныбының ІІ-тобымен ашық сабақ өткізілді. Сабақты биология пәні мұғалімі Жумабек Айжан Әлібекқызы жүргізді. Сабақтың тақырыбы: "Тынысалу мүшелері. Адамның тынысалу жолдарының құрылысы мен газалмасу мүшелері" Ашық сабақ барысында оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және белсенді оқу ортасын қалыптастыру мақсатында көрнекілікке, ойын элементтеріне және топтық жұмысқа негізделген әдістер, 3D модельдер
«Педагогикалық идеялар фестивалі» қалалық кезеңі
15
декабрь
2025
«Педагогикалық идеялар фестивалі» қалалық кезеңі
«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының «Психолог сандықшасы» бағыты бойынша қалалық кезеңде Нұрлан Айгерім Аманжолқызы жеңімпаз атанып, 🥉III дәрежелі орынға ие болды. 
«ҰБТ – 2026 ерекшеліктері» тақырыбындағы оқушылар жиналысы
15
декабрь
2025
«ҰБТ – 2026 ерекшеліктері» тақырыбындағы оқушылар жиналысы
15.12.2025 ж. күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде 11-сынып оқушыларына арналған «ҰБТ–2026 ерекшеліктері» тақырыбында жиналыс өткізілді. 2025–2026 оқу жылында лицейдің 11-сыныптарында барлығы 113 оқушы білім алуда. Жиналыс барысында Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ–2026) құрылымы, өткізу тәртібі, мерзімдері, пәндерді таңдау ерекшеліктері және талаптары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар ҰБТ-ны төменде көрсетілген таңдау пәндері бойынша тапсырады. Оның
«Танцуй всей душой» байқауы
14
декабрь
2025
«Танцуй всей душой» байқауы
Желтоқсанның 14 күні 6 «Ә» сынып оқушысы Самбетова Айару Алматы қаласында өткен халықаралық хореографиялық өнер конкурсы «Танцуй всей душой» байқауына қатысып, I дәрежелі Лауреат атанды 🏆 Infinity Crew құрамында «Girls power» номерімен өз өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, үлкен жетістікке жетті 
«Европаға жол» олимпиадасының қалалық кезеңі
13
декабрь
2025
«Европаға жол» олимпиадасының қалалық кезеңі
«Европаға жол» олимпиадасының қалалық кезеңінде жеңіске жетіп, үздік нәтиже көрсеткені үшін 10«В» сынып оқушысы Мусабаев Расул Еуропа университетіне грант беріледі! 🎓✨ Бұл — еңбектің, табандылықтың және білімге деген шынайы құштарлықтың нәтижесі.
Ашық сабақ: «Қазақстанның жер қойнауы байлықтары»
12
декабрь
2025
Ашық сабақ: «Қазақстанның жер қойнауы байлықтары»
12.12.2025ж. 6«Б» сыныбында 🌍 «Қазақстанның жер қойнауы байлықтары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. 🎯 Сабақтың мақсаты: 🔹 Қазақстандағы пайдалы қазбалардың негізгі түрлерін анықтау; 🔹 Негізгі кен орындарын картадан табу; 🔹 Пайдалы қазбалардың қолдану салаларын түсіндіру; 🔹 Топтық және жеке жұмыс барысында ақпаратты талдап, қорытынды жасау. ✨ Сабақ барысында оқушылардың танымдық белсенділігі артып, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік беріледі.
Ашық сабақ: «Тыныс алу мүшелері және газ алмасу»
12
декабрь
2025
Ашық сабақ: «Тыныс алу мүшелері және газ алмасу»
12.12.2025ж.Ғылыми-жаратылыстану кафедрасының айлығы аясында, 7 «Г» сыныбында биология пәнінен «Тыныс алу мүшелері және газ алмасу» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар тыныс алу жолдарының құрылысы, олардың қызметі және өкпедегі газ алмасу үдерісі туралы жан-жақты мәлімет алды. Интерактивті тапсырмалар мен топтық жұмыс балалардың қызығушылығын арттырып, білімдерін тереңдетті.
“Адал ұстаз” байқауы
12
декабрь
2025
“Адал ұстаз” байқауы
Аудандық “Адал ұстаз” байқауында Қабидолдин Қуаныш Тлеуханович 🥈2 орынға ие болды! 🏆👏 Қуаныш Тлеухановичтің ұстаздық жолындағы еңбегі мен адалдығы әрқашан бағаланып келеді. Бұл жетістік – оның қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біз бәріміз үшін үлгі болып табылатын ұстазымызға шын жүректен алғыс білдіреміз!💐💐💐💐 Жеңісіңіз құтты болсын, Қуаныш Тлеуханович! Әрқашан жаңа биіктерді бағындыра беріңіз! 🌟
«Европаға жол» олимпиадасы
11
декабрь
2025
«Европаға жол» олимпиадасы
«Европаға жол» олимпиадасының қалалық кезеңінде жеңіске жетіп, үздік нәтиже көрсеткені үшін Махмет Балнұрға Еуропа университетіне грант беріледі! 🎓✨ Бұл — еңбектің, табандылықтың және білімге деген шынайы құштарлықтың нәтижесі. Балнұрға жаңа белестер мен үлкен жетістіктер тілейміз!