Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
февраль
2026

Қоғамдық-гуманитарлық кафедра онкүндігінің ашылуы өтті

Қоғамдық-гуманитарлық кафедра онкүндігінің ашылуы өтті!
М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде
қоғамдық-гуманитарлық кафедра онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.

📌 Тақырыбы:
«Тарих пен тілдің тағылымы – ұрпаққа аманат»

Онкүндіктің негізгі мақсаты – жаңа технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, ауызекі сөйлеу мәдениетін жетілдіру, сондай-ақ тарихы мен әдебиетін, ұлттық мәдениетін танып-білуге және құрметтеуге тәрбиелеу.

Ашылу барысында оқушылар мен ұстаздар рухани құндылықтардың маңызын айқындайтын мазмұнды бағдарламамен бөлісті. Алдағы күндері ашық сабақтар, танымдық іс-шаралар мен шығармашылық жұмыстар жалғасын табады.

Тарихын таныған, тілін құрметтеген ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!