Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасы
11
ноябрь
2025
Лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасы
8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының аудандық кезеңіне Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 11 «Г» сынып оқушысы Сандыбай Әдия қатысып, 🥉3-орын иегері атанды.  🔎Жетекшісі: Абжамиева Бахыткуль Кожановна
«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны
11
ноябрь
2025
«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны
Алматы қаласы Білім баскармасының «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен өткен «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының аудандық кезеңінде🥈 II-орын алғаны үшін М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 11 «А» сынып оқушысы Миятқызы Мереке марапатталды. Құттықтаймыз!
«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны
11
ноябрь
2025
«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны
Алматы қаласы Білім баскармасының «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен өткен «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының аудандық кезеңінде 🥇І-орын алғаны үшін  М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 11 «В» сынып оқушысы Мереке Ақтоты марапатталды. Құттықтаймыз!
Қалалық семинар: "Цифрлық дәуір педагогикасы"
11
ноябрь
2025
Қалалық семинар: "Цифрлық дәуір педагогикасы"
11.11.2025ж.Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тыңдаушыларына арналған «Цифрлық дәуір педагогикасы: STEM мен робототехника мүмкіндіктері» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. ✅Мақсаты:  Жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдерінің жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру, инновациялық әдістермен таныстыру және заманауи цифрлық шешімдерді педагогикалық тәжірибеге енгізуге қолдау
Республикалық «Бес асық» турнирі
06
ноябрь
2025
Республикалық «Бес асық» турнирі
Жалпы ұстаздар арасындағы Республикалық «Бес асық» турнирінде Сисенова Жанар 🥇I-орын иеленді. «Бес асық» — біздің рухани мұрамыздың бір бөлшегі. Осы ойынды насихаттауда және оның ережелерін дәріптеуде Сіз ерекше үлес қостыңыз.🏆 Сіздің бұл жетістігіңіз барлық ұстаздар қауымына және шәкірттеріңізге үлгі болып, олардың да ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз.💐💐💐 🥳 Жеңіс Құтты Болсын!
ХІХ Азия мектеп оқушыларының арасындағы шахматтан чемпионат
05
ноябрь
2025
ХІХ Азия мектеп оқушыларының арасындағы шахматтан чемпионат
«Қош келдің, біздің чемпион»ұранымен лицей ұстаздары мен оқушылары 10 "Б" сынып оқушысы Хажатұлы Алиханды әуежайдан күтіп алды.  Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің 10 "Б" сынып оқушысы Хажатұлы Алихан - Шахматтан Азия чемпионы!!!🏆🏆🏆 🧩24 - қазан мен 2 - қараша аралығында Моңғолияның Улан-Батор қаласында өтіп жатқан ХІХ Азия мектеп оқушыларының арасындағы шахматтан чемпионатта классикадан 1 - орын иеленді. Бұл жарыста 9 ұпайдан 7,5 ұпай жинады.  9 турда 7 жеңіс, 1 ойын тең
Химия пәні мұғалімдері арасында қалалық олимпиада
01
ноябрь
2025
Химия пәні мұғалімдері арасында қалалық олимпиада
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде бүгін химия пәні мұғалімдері арасында қалалық олимпиада өтті! 🧪 Барлығы 34 мұғалім қатысып, өз білімдері мен тәжірибесін сынға салды. Нәтижесінде: 🏆 Бас жүлде – 1 🥇 І орын – 1 🥈 ІІ орын – 2 🥉 ІІІ орын – 3 📜 27 қатысушы сертификат иегері атанды! 👏 Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Осы олимпиада – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдауға, тәжірибе алмасуға және ғылымға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Семинар: «Педагог кадрларды аттестаттау туралы»
30
октябрь
2025
Семинар: «Педагог кадрларды аттестаттау туралы»
Мақсаты: Педагог кадрларды аттестаттау үдерісін ұйымдастыруда 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрықпен бекітілген жаңа өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, педагогтердің кәсіби қызметін бағалаудағы өлшемшарттармен таныстыру және заңнама талаптарына сай әдістемелік қолдау көрсету.   2025 жылдың  30 қазан күні ДОӘЖЖО орынбасары Нургуль Рахманкуловна лицей педагогтеріне арналған «Педагог кадрларды аттестаттау туралы» Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын орындауда Қазақстан Республикасы
№2 Педагогикалық кеңес
30
октябрь
2025
№2 Педагогикалық кеңес
30.10.2025ж. Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі №2 Педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңестің екінші практикалық бөлімінде «Жаратылыстану пәндері мен жасанды интеллектінің ықпалдасуы: тәжірибе және әлеует»тақырыбында коучинг-сессия өтті. 🔰Мақсаты: Қолданыстағы тәжірибені зерттеу: Жаратылыстану пәндерінде (мысалы, білім беруде, ғылыми зерттеулерде, өндірісте) ЖИ-ді қолданудың нақты мысалдарын, әдістерін және нәтижелерін жинақтау. * Тиімділігін бағалау: ЖИ құралдарының
Коучинг-сессия: «Блум таксономиясы арқылы сабақ мақсатын нақтылау»
29
октябрь
2025
Коучинг-сессия: «Блум таксономиясы арқылы сабақ мақсатын нақтылау»
2025 жылғы 29 қазан күні М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде жас мамандарға арналған «Блум таксономиясы арқылы сабақ мақсатын нақтылау» тақырыбында коучинг-сессия өткізілді.       Коучингтің мақсаты – мұғалімдердің сабақ жоспарлау дағдыларын жетілдіре отырып, Блум таксономиясы негізінде нақты, өлшенетін, қолжетімді және нәтижеге бағытталған сабақ мақсаттарын құруға машықтандыру.       Коучинг барысында қатысушылар Блум таксономиясының 6 когнитивтік деңгейімен (білу, түсіну, қолдану,