Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2026

Шебер сабақ: «Сабақта белсенді әдістерді тиімді қолдану»

2026 жылдың 20 наурыз күні лицейдің әдістемелік жоспарына сәйкес жас мамандарға арналған озық тәжірибе мектебінің аясында «Сабақта белсенді әдістерді тиімді қолдану» тақырыбында шебер сабақ өткізілді. Шебер сабақты тәжірибелі мұғалім, педагог-зерттеуші, Назарбекова Мейрамкуль Мухташовна  жүргізді.

   Қазіргі білім беру жүйесінде мұғалімнің негізгі міндеті – тек білім беріп қана қоймай, оқушыны ойлануға, талдауға, өз пікірін еркін жеткізуге бағыттау. Осы тұрғыда белсенді әдістердің орны ерекше екенін атап көрсетті. Сабақ барысында мұғалім белсенді әдістердің тиімді қолдану жолдарын практикалық тұрғыда көрсетті. Қатысушылар тапсырмаларды орындау арқылы әдістердің ерекшеліктерін өз тәжірибелерінде қолдану мүмкіндіктерін талдады. Сонымен қатар сабақта саралау, кері байланыс беру, қалыптастырушы бағалау тәсілдері ұтымды қолданылды. Шебер сабақ интерактивті форматта өтіп, жас мамандардың белсенді қатысуымен ерекшеленді. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті. Сабақ соңында кері байланыс ұйымдастырылып, жас педагогтер алған әсерлерін айтып, әдістемелік тұрғыдан құнды ақпарат алғандарын атап өтті.