Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Іс-шара: Мемлекеттік тіл – менің тілім!
29
январь
2025
Іс-шара: Мемлекеттік тіл – менің тілім!
Мемлекеттік тіл – менің тілім! Бүгін лицейімізде оқушылар радиодан Алаш арыстарының жүрекжарды жырларын оқып, қазақ тілінің құдіретін тағы бір мәрте сезіндірді. Сұлтанмахмұттың ұлт рухын оятатын өлеңдері, Мағжанның отты жырлары, Ахмет пен Міржақыптың ұлағатты сөздері оқылды.  Тәуелсіздіктің тірегі – тіл. Тілімізді құрметтеп, оны таза әрі шұрайлы күйінде сақтап қалу – әрқайсымыздың міндетіміз.
Оқушылар Мемлекеттік Орталық мұражайға экскурсия жасады
29
январь
2025
Оқушылар Мемлекеттік Орталық мұражайға экскурсия жасады
29 қаңтар күні 7 «Ә» сыныбы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық мұражайына экскурсия жасап, тарихи естеліктермен танысты. Оқушылар үшін арнайы ұйымдастырылған музейлік сабақ барысында Еңлік-Кебек дастаны толықтай түсіндіріліп, оның тәрбиелік мәні мен маңызы терең түрде дәріптелді.
Көрме: «Түсті сапар: Үндістанға әсем саяхат»
28
январь
2025
Көрме: «Түсті сапар: Үндістанға әсем саяхат»
28 қаңтар Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Үндістан кітап бұрышының қызметі аясында Үндістанның Республика күніне орай «Түсті сапар: Үндістанға әсем саяхат» - «Rangin Safar: A Colorful Journey to India»  өнер көрмесінің салтанатты ашылуына М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің  өзін-өзі басқару ұйымы және лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуандықова Алия Сейілханқызы қатысты.
Шахматтан «Ақбозат» турнирінің аудандық кезеңі
28
январь
2025
Шахматтан «Ақбозат» турнирінің аудандық кезеңі
Республикалық Шахматтан «Ақбозат» турнирінің аудандық кезеңінде 9-11 сыныптар арасында 1-орын иегерлері: 1.Байтлеу Сырым 2.Мұхаметқали Мерей 3.Оралтай Абдуллаһ 4.Оспанова Аделя Құттықтаймыз!
«Абай әлемі» шығармашылық байқауы
28
январь
2025
«Абай әлемі» шығармашылық байқауы
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында Ұлы Абайдың шығармашылығын  насихаттау мақсатында өткен «Абай әлемі» шығармашылық байқауының  қалалық кезеңінің II дәрежелі диплом иегері: 1)11 «В» сынып оқушысы: Телібай Ескендір🥈 Жетекшісі: Мунасаева Р.Н. Құттықтаймыз!
Танымдық іс-шара: «Бір кітаптың ізімен»
27
январь
2025
Танымдық іс-шара: «Бір кітаптың ізімен»
Құрметті оқушылар! Лицейімізде «Бір кітаптың ізімен» атты танымдық іс-шара басталады! Бұл – оқу мәдениетін арттыруға, қызықты әдебиеттермен танысуға тамаша мүмкіндік! 🔖 Іс-шараның мәні: Әр сыныпқа ай сайын бір кітап таңдалады. Оқушылар сол кітапты оқып, оның мазмұнын түсініп, шығармашылық тапсырмалар орындайды. 📅 Қатысушылар: 5-11 сынып оқушылары. 🎯 Мақсаты: Оқу әдетін қалыптастыру; Әдеби шығармалармен танысу; Өз ойыңды жеткізу және шығармашылық қабілеттерді дамыту. Барлық оқушыларды белсенді
Шет тілдер кафедрасының онкүндігінің ашылу салтанаты өткізілді
27
январь
2025
Шет тілдер кафедрасының онкүндігінің ашылу салтанаты өткізілді
2025 жылы қаңтардың 27 күні «Knowing many languages means having many keys to one lock»(«Көп тіл білу-бір құлыптың көп кілті болуы деген сөз»)  атты шет тілдер кафедрасының онкүндігі ашылды.  Онкүндіктің ашылуына лицейіміздің 1-қабаттың фойе жағында 5 станция жасалды:  1) Question and answer 2) Magic box 3) Karaoke with me 4) Угадай ударение 5) Продолжи пословицу... Әр станцияда оқушылар келіп,  қатысып,  арнайы сыйлықтар ұтып алды.  Тапсырмалардың басты мақсаты:  атысушылардың ойлау,
Сынып сағаты; «Мен мақтан тұтам! Мен ұмытқан жоқпын!»
27
январь
2025
Сынып сағаты; «Мен мақтан тұтам! Мен ұмытқан жоқпын!»
27.01.2025ж.6 «А» сыныбында  ҰОС ардагерін «Мен мақтан тұтам! Мен ұмытқан жоқпын!» тақырыбы бойынша сынып сағаты өткізілді. 🔰Мақсаты: -Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған ата - бабалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.  Сынып жетекшісі: Назарбекова М.М
Сынып сағаты: «Еңбекші мамандықтар жылы»
27
январь
2025
Сынып сағаты: «Еңбекші мамандықтар жылы»
27 қаңтар 2025 жылы 10 «А» сыныбында «Еңбекші мамандықтар жылы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 🔰Сынып сағатының мақсаттары: -өскелең ұрпақты еңбекке тәрбиелеу; -оқушыларды мамандық таңдауға  баулу.
Сынып сағаты: «Даңқты батырлар есімі»
27
январь
2025
Сынып сағаты: «Даңқты батырлар есімі»
27 қаңтар 2025 жылы 5 «А» сыныбында «Даңқты батырлар есімі» тақырыбында сынып сағаты мен «Үйге қауіпсіз оралу: қолайсыз ауа райында не істеу керек?» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. 🔰Сынып сағатының мақсаттары: -Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батырлары туралы мәлімет беру; -тарих беттерінің ауыр қасіретін ұмытпауға баулу; -өскелең ұрпақты ардагерлерді құрметтеуге тәрбиелеу; -оқушыларды патриотизмге баулу. 🔰Қауіпсіздік сабағының мақсаттары: -оқушыларды ауа райы құбылыстарымен