28
январь
2025
Көрме: «Түсті сапар: Үндістанға әсем саяхат»
28 қаңтар Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Үндістан кітап бұрышының қызметі аясында Үндістанның Республика күніне орай «Түсті сапар: Үндістанға әсем саяхат» - «Rangin Safar: A Colorful Journey to India» өнер көрмесінің салтанатты ашылуына М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің өзін-өзі басқару ұйымы және лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуандықова Алия Сейілханқызы қатысты.