Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Фасилитациялық коучинг: «Оқу мақсаттарына жетудің тиімді әдістері»
16
февраль
2026

Фасилитациялық коучинг: «Оқу мақсаттарына жетудің тиімді әдістері»

М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей мұғалімдеріне арналған «Оқу мақсаттарына жетудің тиімді әдістері» тақырыбында фасилитациялық коучинг өтті.
✅Коучинг барысында педагогтер қатысушылардың тәжірибесіне сүйене отырып, оқу мақсаттарына жетудің тиімді жолдарын анықтап, сабақта қолдану тәсілдерін талқылады. Сонымен қатар оқытудың тиімді әдістері бойынша өзара тәжірибе алмасып, кәсіби пікір бөлісті.
🔹 Коучинг нәтижесінде:
✔ оқытудың тиімді әдістері нақтыланды;
✔ оқу мақсаты мен оқу әдістері арасындағы байланыс терең түсіндірілді;
✔ сабақтың қысқа мерзімді жоспары кезеңдеріне сай тапсырма әдістерін таңдау жолдары қарастырылды;
✔ мұғалімдер өз сабақтарына енгізуге болатын нақты идеялар алды.
🌟 Мұндай кәсіби кездесулер педагогтердің тәжірибе алмасуына, әдістемелік шеберлігін арттыруға және білім сапасын жақсартуға үлкен мүмкіндік береді.