29
октябрь
2025
Коучинг-сессия: «Блум таксономиясы арқылы сабақ мақсатын нақтылау»
2025 жылғы 29 қазан күні М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде жас мамандарға арналған «Блум таксономиясы арқылы сабақ мақсатын нақтылау» тақырыбында коучинг-сессия өткізілді.
Коучингтің мақсаты – мұғалімдердің сабақ жоспарлау дағдыларын жетілдіре отырып, Блум таксономиясы негізінде нақты, өлшенетін, қолжетімді және нәтижеге бағытталған сабақ мақсаттарын құруға машықтандыру.
Коучинг барысында қатысушылар Блум таксономиясының 6 когнитивтік деңгейімен (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) танысып, әр деңгейге сай мақсат қоюдың ерекшеліктерін талдады. Топтық жұмыстар мен практикалық тапсырмалар арқылы мұғалімдер пәндік оқу мақсаттарынан сабақ мақсатын нақтылауды тәжірибе жүзінде орындап, өзара пікір алмасты.
Коучинг соңында қатысушылар рефлексия жасап, коучингтің тиімділігі туралы кері байланыс берді. Іс-шара нәтижесінде мұғалімдер сабақ мақсатын дұрыс құрудың маңыздылығын түсініп, өз тәжірибесіне енгізуге дайын екенін көрсетті.