Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
ноябрь
2025

Almaty Winter V5 Competition жарысы

Gylim FabLab командасы — Almaty Winter V5 Competition жеңімпазы! 🏆 📅 2025 жылғы 6–7 желтоқсанда Алматы қаласында өткен Almaty Winter V5 Competition турнирінде «Ғылым ордасы» жанындағы Gylim FabLab робототехника зертханасының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, ✨ Excellence Award және 🥇 Tournament Champions марапаттарын жеңіп алды! 🎉 Арнайы қуанышымыз — біздің лицейдің 10 «В» сынып оқушысы, Даулбай Алдиярдың, осындай үлкен жетістікке жеткені! Алдияр, сенің талмай еңбектеніп, осындай жоғары нәтижеге қол жеткізгенің бізді қатты қуантады! 🌟 🌍 Бұл жеңіс командаға 2026 жылы өтетін халықаралық CREATE U.S. Open Robotics Tournament – V5RC High School чемпионатына қатысуға жолдама берді. 📍 16–18 наурыз 2026 жылы біздің оқушылар АҚШ-тың Айова штатында әлемнің ең мықты командаларымен бақ сынайды. 🇰🇿 Қазақстандық оқушылардың әлемдік аренадағы нық қадамы — бүкіл ел үшін үлкен мақтаныш! 👏 Команда мен біздің талантты оқушымыз Даулбай Алдиярға сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!