Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
май
2025

«RoboMind - 2025» робототехника чемпионаты

URAN 92 командасының үлкен жеңісі! 🤖
Біз үшін үлкен мақтаныш! Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығы ұйымдастырған, Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Almaty BALA FEST - 2025» фестивалі аясында өткен «RoboMind - 2025» робототехника чемпионатында URAN 92 командасы FTC категориясы бойынша жүлделі 2-орын иеленді! 🥈🎉

📍 Чемпионат 2025 жылғы 16 мамырда Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің базасында өтті.

🏆 Жеңіске жеткен М.Ганди атындағы И92 мамандандырылған лицейінің оқушылары:
▪️ Ережеп Ернұр
▪️ Қабдолов Аслан
▪️ Сәрсенбай Бейбарыс
▪️ Мереке Амир
▪️ Болат Бекжан
▪️ Серік Нұртас

🇦🇪 Маусымда Дубайда өтетін халықаралық робототехника сайысына,
🇺🇸 Тамызда АҚШ-тағы байқауға жолдама ұтып алды!

🎓 Сонымен қатар, команда мүшесі Серік Нұртас Алматы мемлекеттік политехникалық колледжіне грант жеңіп алды!

🙏 Команда жетекшісі Ергеш Нұрсұлтанға және үнемі қолдау көрсетіп жүрген мектеп директоры Шажабаева Күлжан Сауытқызына алғысымызды білдіреміз!