Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
ноябрь
2025

Халықаралық «Білім және мансап» көрмесі

2025 жылдың 20 қарашасында «Атакент» Көрме орталығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің дәстүрлі қолдауымен өтетін XXIV Қазақстандық Халықаралық «Білім және мансап» көрмесіне біздің Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 9–11 сынып оқушылары қатысты.

🔹Бұл шара оқушыларға қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындары туралы жан-жақты ақпарат алуға, мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар қалыптастыруға, заманауи білім беру трендтерімен танысуға үлкен мүмкіндік берді.

🔹Оқушылар көрме барысында университет өкілдерімен тікелей сөйлесіп, қабылдау шарттары, грант мүмкіндіктері және мамандықтар туралы маңызды мәліметтер алды.

Осындай пайдалы іс-шаралар жас түлектердің болашақ мансабын жоспарлауға үлкен серпін береді