Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
январь
2025

Республикалық Роботтар чемпионаты

ҮЛКЕН ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ЖЕҢІСТЕР КҮНІ!
2025 жылдың 8-9 қаңтарында Алматы қаласында Сулейман Демирель университетінің базасында өткен республикалық Роботтар чемпионатында Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің URAN92 командасы 
8 «Ә» сынып оқушысы Мереке Амир
10 «Г» сынып оқушысы Қабдолов Аслан
11 «А» сынып оқушысы Болат Бекжан
11 «В» сынып оқушысы Ережеп Ернұр
11 «Г» сынып оқушысы Сәрсенбай Бейбарыс жоғары нәтиже көрсетіп, беделді жарыстарға жолдама алды.

✨ URAN92 командасы ерекше дайындық пен шеберлігін дәлелдеп, Орта Азия ойынына қатысуға квота жеңіп алды. Сонымен қатар, команда Digital Almaty министр кубогына қатысуға мүмкіндік иеленді. Бұл беделді турнирде тек Қазақстанның үздік 10 командасы өнер көрсетіп, министр мен президент алдында ойындарын ұсынады.

✨ Сондай-ақ, осы жарыста URAN92 командасы Design Award номинациясы бойынша екінші орынды жеңіп алды.

Бұл жеңіс – оқушылардың табандылығы мен ұстаздары Ергеш Нұрсұлтан Сагитянұлы, Нуруллаев Нурланбек Муратбекұлының кәсіби шеберлігінің, лицей директорының қолдауының жемісі. Алдағы жарыстарда командаға сәттілік, жоғары жетістіктер мен жеңіс тілейміз!

👏👏👏
Біз сіздермен мақтанамыз!