06
февраль
2025
Оқушылар «Мен деп ойла...» қойылымын тамашалады
6 ақпан 2025 жылы 5 «А» сынып оқушылары Алматы қаласының әйгілі мәдени ошақтарының бірі – Мемлекеттік қуыршақ театрына «Мен деп ойла...» поэтикалық қойылымын тамашалауға барды.
🔰Қойылым қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаевтың шығармашылығына арналды. Сахнада қаламгердің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы қойылып, әсем әндер шырқалды. Ақынның өлеңіне жазылған «Есіңе мені алғайсың», «Сен көріктісің» сияқты әндері мен мың бұралған бишілердің көркем билері, «Бақыт деген – сенің бала күндерің», «Адасқан шағала» сынды өлең-жырлары кішкентай көрермендерге ерекше әсер етті. Ең бастысы, театр жеткіншектерді сұлулықты сезінуге, өнер ордасында өздерін мәдениетті ұстауға үйретті.