Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
январь
2025

Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйіне саяхат

25 қаңтар 2025 жылы қазақ әдебиетінен оқу бағдарламасы және «Алаш идеясы – ұлттық идея Темірқазығы» атты Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиетінен қабылданған лицейішілік концепция бойынша 5 «А» сынып оқушылары Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйіне барды. 
🔰Мұражай қабырғасында оқушылар Ұлт көсемі, әйгілі ғалым, ақын, аудармашы, публицист, Алаш зиялысы А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректермен танысып, құнды жәдігерлерді тамашалады. Ақынның қолымен жазылған парақтардан, оқыған кітаптарынан ізгілік пен даналықтың лебін сезіп, ұлттық тәрбиенің иірімдерін бойына сіңірді. 
Мектебіміздің шәкірттері ел тарихының қасіретті кезеңінің беттерін парақтап,  тағылымды ой түйді. Өскелең ұрпақ ана тіліміз бен жазуымыздың дамуына, әдебиетіміз мен ағарту ісіне өлшеусіз үлес қосқан тарлан тұлғаның жолын өздеріне өнеге етеді.