06
февраль
2025
Оқушылар М.Мақатаевтің “Мен деп ойла” атты поэтикалық кешіне қатысты
06.02.2025ж.Алматы қаласының Мемлекеттік Қуыршақ театрына лицей басшылығының ұйымдастыруымен және ата-аналардың қолдауымен 5-6-7 сынып оқушылары Қуыршақ театрында Мұқағали Мақатаевтің “Мен деп ойла” атты поэтикалық кешіне қатысты.
Мен деп ойла...
Поэзияның шыңына жеткен Мұқағали Мақатаев жырлары арқылы театр артистері қуыршақтармен бірге өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсетеді. Поэтикалық кеште ақиық ақынның туған жер, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б тақырыбын қозғаған лирикалық туындылары ұлттық сипатта көрініс тауып, қуыршақтар арқылы оқушыларға керемет көңіл күй сыйлады💐