10
май
2023
"Тойы көп үй" қойылымы
10 мамыр 2023 жылы 10 "А" сынып оқушылары Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақтың академиялық жастар мен балалар театрына белгілі драматург Баққожа Мұқайдың "Тойы көп үй" қойылымын тамашалауға барды. Спектакльдің ерекшелігі — көрерменді күлдіре отырып жылатуы. Тағдыры қарама-қайшы кейіпкерлерді өмірде тоғыстыру арқылы барымызды бағалауға баулитын туындының үлкенге де, кішіге де бергені көп болса, берері де мол. Лицей шәкірттері спектакльден тағылымы үзілмес әсер алды. Ең бастысы, қоғамда қалыптасқан құндылықтардың мәні мен маңызын түсінді.