Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Іс-шара: “READ X”
31
январь
2025
Іс-шара: “READ X”
Бүгін “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 9 “Г” сынып оқушыларына “READ X” іс-шарасы өткізілді.  Оқушылар өздері оқыған шығармаларды жарнамалап, әдебиет әлеміне жаңа көзқарас қалыптастырды. Әр оқушы таңдаған кітабын ерекше ықыласпен таныстырып, басқаларды да осы туындыларды оқуға кеңес берді. Бұл жоба оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, олардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндік береді.
6-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
30
январь
2025
6-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Тақырыбы:  «Тәртіп пен білім – болашаққа баспалдақ» Мақсаты:  Оқушыларға тәртіптің маңызын түсіндіру және оны білім алудағы негізгі құндылық ретінде көрсету. 6-сынып оқушыларға лицейдің ішкі  тәртіп ережелері  мен білімнің маңыздылығы түсіндіріліп, олардың өмірдегі рөліне назар аударылды. Сабақ барысында оқушылар тәртіптің адам өміріндегі қажеттілігі, жауапкершілік, өзін-өзі бақылау және білім алу жолындағы негізгі қағидалар туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, тәртіптің жақсы нәтижелерге
«Жарқын болашақ» республикалық байқауы
30
январь
2025
«Жарқын болашақ» республикалық байқауы
«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінде «Сөз шеберлері» бағыты бойынша М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 11 «Б» сынып оқушысы Сұлтанғазиев Аянби 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі:Мунасаева Р.Н Құттықтаймыз!
11-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
29
январь
2025
11-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Тақырыбы:  «Менің мамандығым-менің болашағым» Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін кәсіптерді анықтауға көмектесу.            Оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіріліп, олардың таңдаған мамандықтарына қызығушылықтары айқындалып, саналы түрде кәсіптік бағыт-бағдар берілді. Қазіргі сұранысқа ие мамандықтар туралы айтылды.Оқушылар болашақ мамандықтары туралы өздерінің пікірлерімен бөлісіп,
Іс-шара: Мемлекеттік тіл – менің тілім!
29
январь
2025
Іс-шара: Мемлекеттік тіл – менің тілім!
Мемлекеттік тіл – менің тілім! Бүгін лицейімізде оқушылар радиодан Алаш арыстарының жүрекжарды жырларын оқып, қазақ тілінің құдіретін тағы бір мәрте сезіндірді. Сұлтанмахмұттың ұлт рухын оятатын өлеңдері, Мағжанның отты жырлары, Ахмет пен Міржақыптың ұлағатты сөздері оқылды.  Тәуелсіздіктің тірегі – тіл. Тілімізді құрметтеп, оны таза әрі шұрайлы күйінде сақтап қалу – әрқайсымыздың міндетіміз.
Оқушылар Мемлекеттік Орталық мұражайға экскурсия жасады
29
январь
2025
Оқушылар Мемлекеттік Орталық мұражайға экскурсия жасады
29 қаңтар күні 7 «Ә» сыныбы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық мұражайына экскурсия жасап, тарихи естеліктермен танысты. Оқушылар үшін арнайы ұйымдастырылған музейлік сабақ барысында Еңлік-Кебек дастаны толықтай түсіндіріліп, оның тәрбиелік мәні мен маңызы терең түрде дәріптелді.
8-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
28
январь
2025
8-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Тақырыбы:  «Саған сыныпта ыңғайлы ма?» Мақсаты:  Оқушылардың сыныптағы өздерін қауіпсіз және қолайлы сезінуіне ықпал ету, психологиялық жайлылықты қамтамасыз ету арқылы сыныптағы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынас орнату.            Тренингте ситуациялық сұрақтар қою арқылы оқушыларға өз пікірлерін ашық білдіруге және ортақ шешімдер табуға бір-біріне көмектесті. Оқушылардың өздерін жайлы сезінбейтін жағдайларды анықтап, оны қалай шешуге болатынын талқыланды. Тренинг барысында сыныптағы
Шахматтан «Ақбозат» турнирінің аудандық кезеңі
28
январь
2025
Шахматтан «Ақбозат» турнирінің аудандық кезеңі
Республикалық Шахматтан «Ақбозат» турнирінің аудандық кезеңінде 9-11 сыныптар арасында 1-орын иегерлері: 1.Байтлеу Сырым 2.Мұхаметқали Мерей 3.Оралтай Абдуллаһ 4.Оспанова Аделя Құттықтаймыз!
«Абай әлемі» шығармашылық байқауы
28
январь
2025
«Абай әлемі» шығармашылық байқауы
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында Ұлы Абайдың шығармашылығын  насихаттау мақсатында өткен «Абай әлемі» шығармашылық байқауының  қалалық кезеңінің II дәрежелі диплом иегері: 1)11 «В» сынып оқушысы: Телібай Ескендір🥈 Жетекшісі: Мунасаева Р.Н. Құттықтаймыз!
7-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
27
январь
2025
7-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Тақырыбы:  «Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» Мақсаты:  Оқу орындарында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетін арттыру, оқушыларды заңдар мен ережелер туралы хабардар ету.           Лицей психологтары оқу орындарында құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, оларды заңдар мен ережелер туралы хабардар ету, сондай-ақ олардың мінез-құлқына қатысты дұрыс шешімдер қабылдауға ынталандыру мақсатында 7 сынып оқушыларымен семинар