Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
ноябрь
2025

9-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг

Тақырыбы: «Жасөспірімдердің тәуелді мінез-құлқының алдын алу»

Мақсаты: Жасөспірімдердің бойындағы тәуелділікке бейімді мінез-құлықтың (интернет, гаджет, зиянды әдеттер және т.б.) алдын алу, психологиялық сауаттылығын арттыру, өз-өзін тану мен бақылау дағдыларын қалыптастыру.  

Тренинг барысы:

Аталған психологиялық ағартушылық жұмыс жасөспірімдермен топтық және жеке форматта өткізілді. Әңгіме, талқылау, жаттығу және ситуациялық ойындар арқылы оқушылар тәуелділік түрлерімен, олардың психологиялық және әлеуметтік салдарларымен танысты. Оқушыларға:  

– тәуелді мінез-құлықтың белгілері;  

– ішкі және сыртқы факторлары;  

– қауіпсіз әрі салауатты өмір салтын ұстану жолдары түсіндірілді.