Қыздар жиналысы: "Қыз тәрбиесі - қоғам тәрбиесі"
ДТЖЖО Абылқасым М.Б. мен лицей психологтары Полатбекова Ә.Н. мен Турсунбекова А.Б. 7-9 сынып оқушыларымен қыз бала бойындағы адамгершілік, имандылық пен ибалықты, талғамдықты сіңіру, үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор болатын, білімді, білікті тұлға қалыптастыру мақсатында «Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» атты қыздар жиналысын өткізді. Жиналыс барысында: Абылқасым М.Б. қыздарға лицейдің ішкі тәртіп ережесі, мектеп формасының сақталуы, гигиеналық тәрбие жайында ақпарат беріп өтті.