Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Іс-шара: «USTAZ HUB 7.0»
21
декабрь
2024
Іс-шара: «USTAZ HUB 7.0»
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей М.Б. Абылқасым 21.12.2024ж. күні «Narxoz University» өткен «USTAZ HUB 7.0» іс-шарасына қатысып, білім саласына қатысты жаңа идеялар мен ақпарат алды. USTAZ HUB - білім мен тәжірибе алмасуға ашық, энтузиазымға толы мұғалімдер мен білім саласының мамандары бас қосатын жоба.
«Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсы
20
декабрь
2024
«Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсы
Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының қалалық кезеңінде лицейіміздің мұғалімі Алимбекова Халима Пернеханқызы I дәрежелі дипломымен марапатталды. Бұл жетістік – кәсіби шеберліктің, шығармашылық ізденістің және үздіксіз еңбектің жемісі. Халима Пернеханқызын осы керемет жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да табыстар мен жаңа белестерді бағындыруына тілектеспіз!
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары
20
декабрь
2024
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары
Бүгін 9 “Д” сынып оқушылары кәсіби бағдар беру бағдарламасы аясында Архитектура, дизайн және инженерия колледжіне барды. Оқушылар заманауи білім беру ортасымен танысып, колледж мамандықтары жайлы толық ақпарат алды.  Колледж өкілдері оқушыларға сәулет, графикалық дизайн, интерьер және құрылыс инженериясы бағыттары бойынша білім беру ерекшеліктері туралы баяндап, студенттердің жобаларын көрсетті. Оқушыларды әсіресе 3D модельдеу, макет жасау және шығармашылық жұмыстар қызықтырды.  Бұл экскурсия
“Білім берудегі жасанды интеллект: Canva & Google Gemini” байқауы
20
декабрь
2024
“Білім берудегі жасанды интеллект: Canva & Google Gemini” байқауы
Алматы қаласы мұғалімдеріне арналған “Білім берудегі жасанды интеллект: Canva & Google Gemini” байқауына Қуанбаева Бағдат II дәрежелі дипломымен марапатталды.
«Болашақ директорлар қауымдастығы» форсайт сессиясы
20
декабрь
2024
«Болашақ директорлар қауымдастығы» форсайт сессиясы
Алматы қаласы директорларының сарапшылар қауымдастығы үшін ұйымдастырылған «Болашақ директорлар қауымдастығы» форсайт сессиясына  лицейіміздің директоры Шажабаева Кульжан Сауытқызы қатысты.  Білім беру ортасында кәсіби өсуге ұмтылуда және Алматы қаласында табысты, бәсекеге қабілетті мектептерді құруда, менеджмент жүйесін дамытуға белсенді үлес қосқаны үшін сертификатпен марапатталды. 👏🏻👏🏻👏🏻 Құттықтаймыз!!!
Коучинг-сессия: «Жасанды интеллект мұғалімнің құралы ретінде: оқыту тиімділігін арттыру"
19
декабрь
2024
Коучинг-сессия: «Жасанды интеллект мұғалімнің құралы ретінде: оқыту
2024 жылдың 19 желтоқсанында  Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде әдістемелік семинарда «Озық тәжірибе мектебі» мұғалімдері  Алимбекова Халима Пернехановна мен Абжамиева Бахытгуль Кожановна  «Жасанды интеллект мұғалімнің құралы ретінде: оқыту тиімділігін арттыру" – ai арқылы оқыту тәсілдерін жетілдіру жолдары» аты тақырыпта лицей мұғалімдеріне коучинг-сессия өткізді. Іс-шара жасанды интеллект (ЖИ) қазіргі білім беру саласында атқаратын рөлі туралы болды. ЖИ оқыту процесін
«Биологиялық көрме» өткізілді
18
декабрь
2024
«Биологиялық көрме» өткізілді
Ғылыми жаратылыстану кафедрасының айлығы аясында «Биологиялық көрме» өтті. Оқушылар өз жұмыстарын қорғап, үздік жобалар марапатталды. Жетекшісі: Абылқасым М.Б. Көрмеге оқушылар үлкен дайындықпен қатысып, өздерінің ғылыми жұмыстарын жоғары деңгейде қорғады. Әрбір жоба биологияның таңғажайып сырларына терең бойлап, тың идеялар мен зерттеу нәтижелерін ұсынды. 🔬 Үздік жобалар арнайы марапаттарға ие болып, оқушылардың еңбегі лайықты бағаланды. Бұл іс-шара қатысушылардың ғылыми қызығушылығын
«Физикадан 7-сыныпқа арналған жаңа форматтағы есептер жинағының» тұсаукесер салтанаты
14
декабрь
2024
«Физикадан 7-сыныпқа арналған жаңа форматтағы есептер жинағының»
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей әкімшілігі мен физика пәні мұғалімдері «Республикалық физика-математика мектебінің» қабырғасында өтілген «Физикадан 7-сыныпқа арналған жаңа форматтағы есептер жинағының» тұсаукесеріне қатысты.
«Жас Ұлан» ұйымының құрамына қабылдау рәсімі
13
декабрь
2024
«Жас Ұлан» ұйымының құрамына қабылдау рәсімі
13.12.2024ж. күні Махатма Ганди атындағы Nº92 мамандандырылған лицейінің, 5-сынып оқушыларының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының құрамына қабылдау  рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. Жас Ұлан - қоғамдық өмірде, тұрмыста,қазақ ұлттық болмыста, халыктық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді.
“I am a Businessman” онлайн қалалық Гранд турнирі
12
декабрь
2024
“I am a Businessman” онлайн қалалық Гранд турнирі
Лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытқызы “I am a Businessman” онлайн қалалық Гранд турнирінен жүлделі 3-орын алған оқушыларды құттықтады. Алматы қаласы мектеп оқушылары арасында жас ұрпақтың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және дамыту мақсатында өткізілген “I am a Businessman” онлайн қалалық Гранд турнирінде лицейіміздің 10б сынып оқушысы Махсот Еркебұлан және 11б сынып оқушылары Нұрланұлы Бақдаулет пен Олжаболат Айман құраған топ өз бизнес- жобаларымен 3-орын иеленді. Лицейімізден қатысқан