Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шахмат үйірмесі өткізілді
21
январь
2025
Шахмат үйірмесі өткізілді
21.01.2025 ж. М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде шахмат үйірмесі өткізілді. Бұл үйірме оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, стратегиялық шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыруға және өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Үйірмеге әртүрлі жастағы оқушылар қатысып, шахмат ойынының ережелері, тиімді тактикалар мен стратегиялар бойынша жаңа білім алды. Жетекші жаттықтырушы қатысушыларға әртүрлі ойын әдістерін түсіндіріп, олардың практикалық дағдыларын арттыру үшін
Түсініктеме жұмыстары: «Жол қозғалысы ережелері»
21
январь
2025
Түсініктеме жұмыстары: «Жол қозғалысы ережелері»
21.01.2025ж.М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей инспекторы Әлжанов Арман және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуандықова Алия Сейілханқызы оқушыларға «Жол қозғалысы ережелері», «Балалар жарақаты» тақырыпта түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жарақаттардың алдын алу жолдары туралы кеңестер берілді. Мұндай бастамалар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың жауапкершілігін арттыру үшін өте маңызды.  
Лицей ұстаздары шеберлік сабақ өтті
20
январь
2025
Лицей ұстаздары шеберлік сабақ өтті
20.01.2025ж.М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей ұстаздары: 1) Физика пәні мұғалімі Қанафина Жаңагүл Несіпбайқызы «Оқшылардың ғылыми танымдық дағдыларын қалыпастыру арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту және ғылыми-зерттеу үдерісіне баулу»  2) Ағылшын тілі пәні мұғалімі Алимбекова Халима «XXI ғасыр оқушыларының ағылшын фукнционалдық сауаттылықтарын арттырудағы негізгі дағдыларды дамыту» тақырыптары бойынша шебер сабақ көрсетіп,өз тәжірбиелерімен бөлісті.
Кәсіби бағдар беру жұмыстары
20
январь
2025
Кәсіби бағдар беру жұмыстары
 20 қаңтар 2025 жылы KIMEP университетінде кәсіби бағдар беру жұмыстары сәтті өткізілді. Іс-шара барысында университеттің өкілдері талапкерлерге білім беру бағдарламалары, оқуға түсу талаптары, сондай-ақ студенттік өмірдің ерекшеліктері туралы толық ақпарат берді. Бұл мүмкіндік жастарға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға, жоғары білім алудың артықшылықтарын түсінуге және университеттің мүмкіндіктерімен танысуға көмектесті. 🔗 KIMEP университетінде білім алу сіздің болашағыңызға сенімді қадам
Сынып сағаты: «Тарихқа құрмет»
20
январь
2025
Сынып сағаты: «Тарихқа құрмет»
20.01.2025ж.7 «В» сыныбында «Тарихқа құрмет» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 🔰Мақсаты: -жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштеріміз – мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру.  -Ескерткіштер туралы оқушыларға мағлұмат беру, түрімен таныстыру, көненің көзі, болашаққа аманат екенін түсіндіру. - Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштері арқылы оқушыны ұлтжандыққа тәрбиелеу.
Республикалық «Зерде» конкурсының қалалық кезеңі
20
январь
2025
Республикалық «Зерде» конкурсының қалалық кезеңі
2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларынан XX Республикалық «Зерде» конкурсының қалалық кезеңінің Этномәдениеттану секциясы бойынша  6«А» сынып оқушылары: 1.Иманғали Нұртас 2.Каримтаева Фатима II дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Жетекшісі:Назарбекова Мейрамкуль
Сынып сағаты:  ”Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…”
20
январь
2025
Сынып сағаты: ”Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…”
20.01.2025 күні 10 “А” сыныбында ”Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…” тақырыбында  сынып сағаты өтілді.  🔰Мақсаты: -Оқушыларға Абайдың өлеңдеріндегі құндылықтар жайында айту; -Әділдік, адалдық ұғымдарының мағынасын ашу; -Тәрбие деген ұғымды кеңінен түсіндіру.  Апта дәйексөзі: “Әділ заң-аспан тірегі” деген сөзден басталды және қауіпсіздік шараларына қатты көңіл бөлінді. Сынып жетекшісі: Жоламанова С.
Жылжымалы семинар: Табысқа жетелейтін ұжымдық тәжірибе алмасу
17
январь
2025
Жылжымалы семинар: Табысқа жетелейтін ұжымдық тәжірибе алмасу
17.01.2025ж. күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей ұстаздары «Табысты мектеп: мектеп ұжымы арқылы білім сапасын басқару (Сингапур тағылымдамасы)» тақырыбында М.Базарбаев атындағы №138 гимназиясында республикалық жылжымалы семинар өтті.  Семинардың басты мақсаты – Сингапурдың үздік білім беру тәжірибелерін негізге ала отырып, мектеп ұжымының рөлін арттыру арқылы білім сапасын басқарудың тиімді әдістерімен бөлісу. Сингапур тәжірибесін терең меңгерген ұстаздар білім сапасын
Дәріс:  “Жақсылыққа жол аш, нашақорлыққа жол берме!”
17
январь
2025
Дәріс: “Жақсылыққа жол аш, нашақорлыққа жол берме!”
17.01.2025ж. күні М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 10-11 сынып оқушыларына Бостандық ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Ризван Санжар Қайруллаұлы “Жақсылыққа жол аш, нашақорлыққа жол берме!” тақырыбында дәріс өткізді. 🔰Мақсаты: қоғамда нашақорлықтың зиянды әсерлерін түсіндіру, адамдарды зиянды әдеттерден сақтандыру, сондай-ақ жақсылыққа ұмтылу мен салауатты өмір салтын насихаттау.
Ата-аналар жиналысы: «Біртұтас тәрбие: Ұлттық құндылықтың ұясы – отбасы»
15
январь
2025
Ата-аналар жиналысы: «Біртұтас тәрбие: Ұлттық құндылықтың ұясы –
2025 жылдың 15 қаңтар күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің ұйымдастыруымен «Біртұтас тәрбие: Ұлттық құндылықтың ұясы – отбасы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтілді. 🔸Жаңа форматтағы ерекше жиналыс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде өтті. 🔹Мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұрпақ тәрбиесінде отбасының маңыздылығын арттыру, ата-ана мен бала қарым-қатынасын нығайту, патриоттық рух пен салт-дәстүрлерді ұрпаққа жеткізу. 🔸Күн тәртібінде: •Біртұтас