Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
март
2025

19 наурыз-Жаңару күні

19 наурыз – табиғаттың жанданып, жаңа өмірге қадам басатын сәтін дәріптейтін, адамның жан-дүниесі мен ой-санасын тазартуға, жаңашылдыққа ұмтылуға арналған ерекше күн. Бұл – өткенге көз жүгіртіп, сабақ алу, жаңа бастамаларға серпін беру, ізгілік пен жақсылықты көбейту күні.  Жаңару күні аясында табиғатты тазарту мен қоршаған ортаға қамқорлық көрсету мақсатында мектеп оқушылары бірлесіп, қар тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл игі іс-шара – тек мектеп ауласын қардан тазарту ғана емес, сонымен қатар оқушылардың еңбекқорлығын, ұйымшылдығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Сенбілік барысында оқушылар ауладағы қарды күреп, айналаны ретке келтіріп, көктемді таза ортада қарсы алуға атсалысты. Бұл олардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, жан-жақты дамуына, бірлік пен ынтымақтастықтың маңызын түсінуіне септігін тигізді.
Осындай игі бастамалар арқылы біз табиғатқа жанашырлық танытып, жаңару мен тазалықтың шынайы мәнін ұғына аламыз.