Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сынып сағаты: «Адалдық сағаты»
12
сентябрь
2023
Сынып сағаты: «Адалдық сағаты»
12.09.2023 ж. 11 “А” сыныбында сынып жетекшісі Мунасаева Рая Нуровна «Адалдық сағаты» тақырыбында сынып сағатын өткізді. 🔰Мақсаты: -Оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік. -Оқушыларды адамгершілікке баулу; -Жас ұрпақты адалдықтың  қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру; -Жасөспірімдерді  адалдыққа негізделген әділетті қоғам құруға шақыру.
Сынып сағаты: "Адалдық-адамдықтың белгісі"
12
сентябрь
2023
Сынып сағаты: "Адалдық-адамдықтың белгісі"
12.09.2023 ж. 10 «В» сыныбында сынып жетекшісі Бахиева Калимагуль "Адалдық-адамдықтың белгісі" атты сынып сағатын өткізді. 🔰Мақсаты:  -Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру; -Адалдық,шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету; -Адал,шыншыл болуға тәрбиелеу.
Сынып сағаты: «Адалдық сағаты»
12
сентябрь
2023
Сынып сағаты: «Адалдық сағаты»
12.09.2023 ж. 8 “Д” сыныбында сынып жетекшісі Арын Нұрсұлу Дәулетбекқызы «Адалдық сағаты» атты сынып сағатын өткізді. 🔰Мақсаты:  -Оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік. -Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.  -Бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
«Қазақстан рекордтар кітабынын» рекордын орнату іс-шарасы
12
сентябрь
2023
«Қазақстан рекордтар кітабынын» рекордын орнату іс-шарасы
Мектеп оқушылары арасында бір мезетте 2028 окушының қатысумен 9 қыркүйек күні «Тоғызқұмалақ күні» Алматы қаласында өткен Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны бойынша «Қазақстан рекордтар кітабынын» рекордын орнату іс-шарасына қатысқаны үшін лицейдің белсенді оқушылары сертификатпен марапатталды. 💐💐💐 Құттықтаймыз!!!
Сынып сағаты: «Адалдық сағаты»
11
сентябрь
2023
Сынып сағаты: «Адалдық сағаты»
11.09.2023 күні 8 «Г» сыныбында сынып жетекшісі Алимбекова Халима Пернехановна «Адалдық сағаты» атты сынып сағатын ұйымдастырып өткізді.  Мақсаты оқушыларға адалдық туралы ұғымды тереңінен түсіндіріп, асыл қасиетті адам бойына сіңірудің жолдарын насихаттау болды. Оқушылар өз ойларын ортаға сала отырып, талқылау жасады. Адалдық тақырыбында мақал-мәтелдер айтылып, қанатты сөздерге шолу жасалды. Оқушылар талқылау мен әңгіме ету  арқылы арқылы адалдық жолында не жасау керектігін үйренді.
ҰБТ – 2024 ерекшіліктері
11
сентябрь
2023
ҰБТ – 2024 ерекшіліктері
11.09.2023 жылы «Білімді болашақ» оқу орталығының менеджері Тименов Айбын «Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицей» КММ-нің 10 және 11 сынып  оқушыларының ата-аналарына жаңа форматтағы 2023 – 2024 оқу жылының ҰБТ-дағы жаңалықтар мен өзгерістер туралы онлайн форматта жиналыс өткізді. Жиналысқа мектеп түлектерінің ата-аналарымен бірге мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері қатысты.   Жиналыста орталық менеджерлері «ҰБТ-2024» өткізілуі жөнінде ақпарат беріп,
Жалпықалалық сейсможаттығу
11
сентябрь
2023
Жалпықалалық сейсможаттығу
11.09.2023ж. күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде «Жер-2023» Республикалық оқу-жаттығу шеңберінде жалпықалалық сейсможаттығу өткізілді. Мақсаты: Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау. Жарақаттанған адамға “Алғашқы медициналық көмек көрсету” жұмысы жүргізілді.
Kazakhstan open – ҚР біріншілігі
10
сентябрь
2023
Kazakhstan open – ҚР біріншілігі
«Біздің мақтаныштар» ⚜️Лицейдің 11 "А" сынып оқушысы Ерғали Ераслан Kazakhstan open – ҚР біріншілігінде 3-орын алды.  💐💐💐 Құттықтаймыз! Биіктерді бағындыра беруіне тілектеспіз!
«Ана тілің-арың бұл..» атты мәнерлеп оқу байқауы
08
сентябрь
2023
«Ана тілің-арың бұл..» атты мәнерлеп оқу байқауы
Тілдер мерекесіне орай лицей кітапханасында «Ана тілің-арың бұл..» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. 🔰Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.