Түсіндірме жұмыстары
02.12.2024ж.Лицей инспекторы Әлжанов Арман оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыстары барысында оқушыларға күнделікті мектеп ішіндегі ережелерді сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және жеке қауіпсіздік шараларын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Инспектор жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беріп, олардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін қосымша ақпараттық материалдар таратылды.