Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
18 наурыз-Ұлттық киім күні
18
март
2025
18 наурыз-Ұлттық киім күні
18 наурыз-Ұлттық киім күні. Ұлттық киім күні —  қазақ халқының бай мұрасын, мәдениетін және дәстүрлерін құрметтеп, ұлықтау күні. Бұл шарада ұлттық киім үлгілерін дәріптеу мақсатында сынып аралық челлендж ұйымдастырылды.Ұлттық киімдеріміздің әрқайсысы өз тарихы мен мән-мағынасына ие, оларды кию арқылы біз ата-бабаларымыздың даналығын, өнерін және салт-дәстүрлерін жалғастырамыз. Челленджімізді 10 “В”,  10”А”, 10 “Ә”, 6 “А” сынып оқушылары жалғастырды.
Сыныа сағаты: «Көмек» бағдараламасы
17
март
2025
Сыныа сағаты: «Көмек» бағдараламасы
17.03.2025ж.«Көмек» бағдараламасы бойынша 9«А» сыныбында сынып сағаты өткізілді. 🔰Мақсаты: оқушыларға рухани құндылықтар, әділдік пен адалдық туралы түсінік беру. Қоршаған ортада орны мен маңызын түсіндіру, балалардың бойына өмірлік ұстаным ретінде қолдана білуіне ықпал етіп, балаларды адалдыққа, қамқорлыққа, әділдікке деген көзқарастарын қалыптастыру.
“Алматы – ортақ үйіміз” бағдарламасы аясында сенбілік
17
март
2025
“Алматы – ортақ үйіміз” бағдарламасы аясында сенбілік
17.03.2025ж.“Алматы – ортақ үйіміз” бағдарламасы аясында лицейімізде оқушылардың белсенді қатысуымен сенбілік ұйымдастырылды.  🔰Бұл игі шараның басты мақсаты – туған қаламыздың тазалығына үлес қосу, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және оларды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз»  республикалық олимпиадасы
17
март
2025
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық олимпиадасы
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз»  республикалық олимпиадасының республика кезеңінің 3-ші дәрежелі диплом иегері М. Ганди атындағы 92 мамандандырылған лицейдің физика пәні мұғалімі Рамазанова Ақбаян Азаматқызы марапатталды.
Ө.Жолдасбеков атындағы зерттеу жобалары конкурсы
14
март
2025
Ө.Жолдасбеков атындағы зерттеу жобалары конкурсы
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 11 «А» сынып оқушысы Айтуар Алтынай  12-13 наурыз аралығында Астана қаласында өткен ХV Халықаралық Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобалары конкурсында ІІІ орын жеңімпазы атанып, қола медалға ие болды.  Ғылыми жетекшісі: Намиалиев Камбар Кошкарбаевич  Бұл үлкен жетістік қажырлы еңбегің мен зейінді жұмысыңның нәтижесі ғана емес, сонымен қатар білім мен ғылымға деген шынайы қызығушылығың мен адалдығыңның айқын
Түсініктеме жұмыстары: «Қауіпсіз жол қозғалысы ережелері»
13
март
2025
Түсініктеме жұмыстары: «Қауіпсіз жол қозғалысы ережелері»
13.03.2025ж.М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей инспекторы Әлжанов Арман және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуандықова Алия Сейілханқызы оқушыларға «Қауіпсіз жол қозғалысы ережелері» тақырыпта түсініктеме жұмыстарын жүргізді.
«Көктемгі демалыстағы ең үздік профорентациялық лагерь» бағдарламасы
12
март
2025
«Көктемгі демалыстағы ең үздік профорентациялық лагерь» бағдарламасы
12.03.2025ж.Профориентатор, шетелге оқуға түсу эксперті Зиябеков Бақнұр лицейіміздің 8-9-10 сынып оқушыларына «Көктемгі демалыстағы ең үздік профорентациялық лагерь» бағдарламасымен таныстырды.Бұл лагерь -баланың сенімділігін арттырып, оның болашақ мамандығын анықтауға көмектестін ерекше бағдарлама.
Ұлттық ойындарды жаңғыту
12
март
2025
Ұлттық ойындарды жаңғыту
Қазақтың ұлттық ойыны: ”Қол күрес” Ойынның шарты: Столдың шетіне қарама – қарсы екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады.Ұлттық ойынды дамыту мақсатында  8-сынып оқушыларына қол күрестен жарыс өтілді.
Волейболдан жарыс
12
март
2025
Волейболдан жарыс
Оқушыларды топ болып жұмыс істеуге, бір-бірімен ынтымақтастықта болуға, ортақ мақсатқа ұмтылуға,оқушылардың физикалық төзімділігін арттыру, олардың шыдамдылық деңгейін көтеру үйрету мақсатында лицейміздің 9-11 сынып оқушылары волейболдан өзара командалық ойын ойнады.