Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алматы қаласының білім басқармасынан құрмет грамотасы
16
декабрь
2021
Алматы қаласының білім басқармасынан құрмет грамотасы
Лицейіміздің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Өмірбекова Шұғыла Есіркепқызы Алматы қаласының білім беру және жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісіне сіңірген еңбегі мен тәуелсіз еліміздің рухани әлеуметтік дамуына қосқан зор үлесі үшін Алматы қаласының білім басқармасынан құрмет грамотасымен марапатталды!
Мұғалімдер арасында өткен байқауда I ДӘРЕЖЕЛІ диплом
16
декабрь
2021
Мұғалімдер арасында өткен байқауда I ДӘРЕЖЕЛІ диплом
Лицейіміздің орыс тілі пәні мұғалімі Абжамиева Бахытгуль Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Ұстаз өнегесі" атты Ахмет Байтұрсынұлына арналған 2021 жылдың 1-ші мен 16-шы желтоқсан аралығында мұғалімдер арасында өткен байқауда I ДӘРЕЖЕЛІ дипломмен марапатталды! Құттықтаймыз!!!
Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен құттықтау алғыс хаты
16
декабрь
2021
Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен құттықтау алғыс хаты
Лицейіміздің директоры Шажабаева Кульжан Сауытқызы "Nur Otan" партиясы Бостандық аудандық филиалының төрағасы А.Рахимбетовтен еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен құттықтау алғыс хатын алды. Сонымен қатар лицейіміздің директоры Шажабаева Кульжан Сауытқызына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Бабақұмаров Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесімен құттықтау алғыс хатын тапсырды. Құттықтаймыз!!!
“Жас Ұлан” ұйымына қабылданған оқушылар
15
декабрь
2021
“Жас Ұлан” ұйымына қабылданған оқушылар
“Жас Ұлан” ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төсбелгілерінің табысталған сәті 15.12.2021ж
ЖАС ҰЛАН: "Жас ұлан" ұйымының құрамына қабылдау жиыны
15
декабрь
2021
ЖАС ҰЛАН: "Жас ұлан" ұйымының құрамына қабылдау жиыны
15.12.2021 ж. Қазақстанның тәуелсіздік күніне орай М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде аға тәлімгер Нурмукан А.С. және Жас ұлан ұйымының еріктілерінің ұйымдастыруымен оқушыларды бірыңғай "Жас ұлан" ұйымының құрамына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті.   Мақсаты:  Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу. Міндеті: 5 сынып
Лицейішілік шығармалар  байқауы
15
декабрь
2021
Лицейішілік шығармалар байқауы
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Мен үшін Тәуелсіздіктің 30 жылдығы несімен мәнді?» тақырыбында лицейішілік шығармалар  байқауы өтті. Мақсаты: - Тәуелсіздік ұғымының мән- мағынасын жете түсіну; - тарих беттеріне шолу жасау; - патриоттық сезімін ояту. Лицейішілік байқауға қатысқан оқушылардың жұмыстары тексерілді. 🔶5-7 сынып аралығында жазған оқушылардың ішінен:  1- орын 6 " А" сынып оқушысы Рахимбай Тыныс 2- орын 6 "Б" сынып оқушысы Сұлтан Ханифа 3- орын 7 "А" сынып оқушысы Әбдужапар
Іс-шара: «Тәуелсіздігім – тәңірден келген тәтті сый»
15
декабрь
2021
Іс-шара: «Тәуелсіздігім – тәңірден келген тәтті сый»
М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде 15,12,2021ж. күні  «Тәуелсіздігім – тәңірден келген тәтті сый» тақырыбында іс-шара өткізілді Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігімен таныстыру.
"Жас ұлан" ұйымының құрамына қабылдау жиыны
15
декабрь
2021
"Жас ұлан" ұйымының құрамына қабылдау жиыны
Бүгін, 15 желтоқсан,  лицейімізде Қазақстанның тәуелсіздік күніне орай оқушыларды бірыңғай "Жас ұлан" ұйымының құрамына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті.  5 сынып оқушыларымыз ант тапсырып, "Жас ұлан әнұранын" орындады. Жиын барысында Жас ұлан ұйымының мақсат, міндеттері айтылып өтті. "Жас ұлан" ұйымының міндеттері: 1.Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп,
Мерекелік концерт: "Тәуелсіздік жүрегімнің төрінде"
15
декабрь
2021
Мерекелік концерт: "Тәуелсіздік жүрегімнің төрінде"
Лицейімізде өткен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздік жүрегімнің төрінде" атты 6-сыныптар арасында өткен мерекелік концерт барысы
Лицейішілік олимпиада
15
декабрь
2021
Лицейішілік олимпиада
Лицейімізде орыс тілі айлығы  барысында С.Есенин мен К.Паустовскийдің "Күз" тақырыбындағы шығармасы негізінде "Ең үздік сурет" номинациясын жеңіп алған 6 "Б" сынып оқушылары мадақтамамен марапатталды. Сонымен қатар 6 "Б" сынып оқушысы  Сұлтан Ханифа орыс тілі пәнінен лицейішілік олимпиададан 1-орын алды. Құттықтаймыз!