Ғылыми-жаратылыстану кафедрасының айлығы аясында өткен биология пәнінен ашық сабақ барысы🎊 Ашық сабақ тақырыбы: Гиподинамия. Сымбат бұзылуы мен жалпантабандылықтың пайда болу себептері. Алдын алу шаралары Пән мұғалімі: Абу Нурила Бауыржанқызы
Лицей психологтары оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылту, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзіне деген сенімділігін арттыру мақсатында 8-сынып оқушыларымен тренинг жүргізді.🌟✨🌟
Мектепішілік «Үздік жас маман - 2022» байқауының екінші кезеңінің қатысушысы физика пәнінің мұғалімі Қайратұлы Ақылжанның ашық сабақ өту барысы🎊 Ашық сабақ тақырыбы: Атмосфералық қысым
Лицейімізде 17 ақпан күні ғылыми-жаратылыстану кафедрасының онкүндігі аясында биология пәнінің мұғалімі Абылқасым Мөлдір Бақбергенқызы 9-сынып оқушылары арасында «Генетика алаңына сәлем» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. 🔹Мақсаты: Оқушылардың генетика тақырыбында алған білімдерін жинақтау және қорытындылау. Жарыстың 🥇 I орын иегері: «Мендель» тобы 🥈II орын иегері: «Доминант» тобы 🥉III орын иегері: «Генотип» тобы
Мектепішілік «Үздік жас маман - 2022» байқауының екінші кезеңінің қатысушысы физика пәнінің мұғалімі Қуандықова Алияның ашық сабақ өту барысы🎊 Ашық сабақ тақырыбы: Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелісі
Лицейімізде ғылыми-жаратылыстану кафедрасының айлығы аясында жаратылыстану пәнінен өтілген «Фотосинтез - өте маңызды үдеріс» тақырыбындағы ашық сабақ барысы Пән мұғалімі: Нурпеисова Айгерім
11-сынып оқушыларының ата-аналарымен «Ата-ана баланың бас ұстазы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында : қорытынды аттестаттау, ҰБТ сынақтарының өтілуі бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар лицей психологтары ата-аналарға сынақ барысында балаға сенімділік және тұрақтылық ұялатуға кеңестер берді.
Мектепішілік «Үздік жас маман - 2022» байқауының екінші кезеңінің қатысушысы қазақ тілі пәні мұғалімі Арын Нұрсұлу ашық сабақ өтті. Ашық сабақ тақырыбы: Әуе көліктері
Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына байланысты лицейіміздің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Журекбаев Серік Сейтказинович 7 «б» сыныбына дәріс өтті.