Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ашық сабақ: “Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру”
27
сентябрь
2022
Ашық сабақ: “Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру”
27ші қыркүйек күні математика пәні айлығының аясында 7”а” сыныбының 1-тобына “Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтағы берілген тапсырмалар “Word wall” интерактивті тапсырма құру сервисі арқылы берілді. Бұл бағдарлама оқушыларға тапсырманың қызықты, әрі түрлі әдістер арқылы берілумен ерекше болды. Сабақ бойы оқушылар өзін өзі бағалап отырды.  Пән мұғалімі: Таймұха Т.С.
Сынып сағаты: “Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем"
27
сентябрь
2022
Сынып сағаты: “Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем"
27 қыркүйек 2022 жылы 8 "Ә" сыныбында “Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.  🔹Мақсаты: Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Сынып жетекшісі: Даукен Мөлдір
Сынып сағаты: "Ш.Муртазаның 90 жылдық мерейтойы"
27
сентябрь
2022
Сынып сағаты: "Ш.Муртазаның 90 жылдық мерейтойы"
27 қыркүйек 2022 жылы 9 "Ә" сыныбында "Ш.Муртазаның 90 жылдық мерейтойы" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.  Сынып жетекшісі: Матаева Карлыгаш
Эссе байқауы: "Ұстаз — ұлы есім"
27
сентябрь
2022
Эссе байқауы: "Ұстаз — ұлы есім"
27 қыркүйек 2022 жылы Мұғалімдер күніне орай 5-11-сынып оқушылары арасында "Ұстаз — ұлы есім" тақырыбында эссе байқауы өтті.  Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.  8-11-сыныптар 🥇1-орын Дүйсебай Ботакөз, 9 "Г" сынып оқушысы 🥈2-орын Рақымбай Сәуле, 9 "Г" сынып оқушысы 🥉3-орын Шахан Нұрай, 8 "В" сынып оқушысы 5-7-сыныптар 🥈2-орын Телеукан Жайна, 7 "Б" сынып оқушысы 🥉3-орын Бағдашқызы Ханифа, 6 "Б" сынып оқушысы Құттықтаймыз!!!👏🏻👏🏻👏🏻💐
Сынып сағаты: "Адал ұрпақ — ел ертеңі"
27
сентябрь
2022
Сынып сағаты: "Адал ұрпақ — ел ертеңі"
27 қыркүйек 2022 жылы 10 "А" сыныбында "Адал ұрпақ — ел ертеңі" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: ✓оқушыларға еліміздегі және лицей қабырғасындағы "Адал ұрпақ" клубтарының мақсат-міндеттері мен жұмысы туралы мәлімет беру;  ✓ шәкірттерді адалдыққа, ізгілікке, шынайылыққа тәрбиелеу;  ✓ пікірлері мен көзқарастарын еркін білдіруге баулу.
Лицейіміздің оқушыларының таңғы сергіту жаттығуын жасау сәті
26
сентябрь
2022
Лицейіміздің оқушыларының таңғы сергіту жаттығуын жасау сәті
Лицейіміздің оқушыларының таңғы сергіту жаттығуын жасау сәті ♦️Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және кұні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады. Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, қабілеттілігі артады.
“Лицейдің ішкі ережелерінің” орындалуын, тәртіптің сақталуы туралы түсіндірме жұмыстары
26
сентябрь
2022
“Лицейдің ішкі ережелерінің” орындалуын, тәртіптің сақталуы туралы
27.09.2022ж. күні мектеп парламенті директор орынбасарларымен бірге 5-11 сынып оқушыларына “Лицейдің ішкі ережелерінің” орындалуын, тәртіптің сақталуы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.