Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сынып сағаты: “Ұлттық тәрбие - құндылық бастауы..."
06
декабрь
2022
Сынып сағаты: “Ұлттық тәрбие - құндылық бастауы..."
⚜️Бүгін, 6.12.2022 ж.күні лицейіміздің 8 «Ә» сыныбында “Ұлттық тәрбие - құндылық бастауы..." тақырыбында сынып сағаты өтілді. 🔹 Мақсаты:  Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Даукен Мөлдір
Ашық сабақ: «Жер қойнауы байлықтары»
05
декабрь
2022
Ашық сабақ: «Жер қойнауы байлықтары»
⚜️5.12.2022 күні лицейіміздің 6 «А» сыныбының 2-тобына жаратылыстану пәнінен «Жер қойнауы байлықтары» тақырыбында ашық сабақ өтілді. 🔹Сабақтың мақсаты: Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және олардың қолдану салаларын анықтау. Пән мұғалімі: География пәні мұғалімі  Калыева Ақбота Рахимқызы
IX Халықаралық шығармашылық конкурс
05
декабрь
2022
IX Халықаралық шығармашылық конкурс
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі-білім сапасының кепілі. Қазақстан математика пәні мұғалімдері қауымдастығы - мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамыту және құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдары: математика, информатика және физика пәні мұғалімдерін біріктіру және тәжірибе, білім алмасу мақсатында өткен IX Халықаралық шығармашылық конкурсында №92 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі, Аяганов Жәнібек 1-орын иегері атанды, жеңісіңіз құтты болсын! Лицей директоры К.С.
Лицей мақтаныштары
05
декабрь
2022
Лицей мақтаныштары
Лицей мақтаныштары👏🏻👏🏻 Қалалық жарыстан 5 “А” сынып оқушысы Өміртай Нұрасыл және 7 “Б” сынып оқушысы Какен Мансұр 4 разряд алды.
Дебат үйірмесі, ағылшын лигасы
05
декабрь
2022
Дебат үйірмесі, ағылшын лигасы
Үйірме жұмысы: Дебат үйірмесі, ағылшын лигасы Тақырыбы: “Children and the Internet” 🔹Мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;  Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу; Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, постер жасау
Бокс үйірмесі
03
декабрь
2022
Бокс үйірмесі
Үйірме жұмысы: Бокс үйірмесі Тақырыбы: жекпе - жек ұрыс алаңында тепе-теңдікті сақтау. 🔹Мақсаты :  қарсыластың ара-қашықтығын сақтап өз орнында нық тұрып ұра білу.
Сейсмо жаттығу өткізілді
02
декабрь
2022
Сейсмо жаттығу өткізілді
Бүгін, 2.11.2022 ж. күні лицейімізде сейсмо жаттығу өткізілді. 🔹Мақсаты: ‑Мектеп әкімшілігінің  мүмкіншілігін көзден өткізу. ‑Оқушыларға  өмір  қауіпсіздік ережелерін білдіру практикалық тұрғыда іс әрекет жасауды үйрету,  өмір  қауіпсіздігіне дағдыландыру. 🔸Міндеті: ‑Мектеп әкімшілігінің ережеге сәйкес іс‑әрекетін ,үлгеру уақытын бақылау. ‑Мектеп  оқушыларының өмір қауіпсіздігі жағдайында  абыржымай ережелерді мүлтіксіз орындауын ,адам өмір қауіпсіздігі негізі іс‑әрекетіне  дағдыландыру .
Әдістемелік семинар
02
декабрь
2022
Әдістемелік семинар
02.12.2022 жылы М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде жас мамандарға арналған әдістемелік семинар болып өтті. Әдістемелік семинар семинар  күн тәртібіне қойылған мәселелер: 📌Шебер сынып. БЖБ: оқу мақсаттарына сәйкес тапсырма құрастырудың ерекшеліктері. Тренинг « Мұғалім мен оқушының қарым- қатынасының психологиялық жақтары». 📌Сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерімен таныстыру. Тәрбиенің негізгі бағыттарын, мақсаттары, міндеттері және іске асыру
Сайыс: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атт
02
декабрь
2022
Сайыс: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атт
Лицейде 7 сынып оқушылары арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайыс өтті. Мақсаты: Оқушыларды «Сөз мәйегі — мақал» дегендей, ата — бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу. Ұйымдастырушы: Азбергенова Асия