Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ата-аналар жиналысы: "Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық"
19
январь
2023
Ата-аналар жиналысы: "Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық"
19 қаңтар 2023 жылы 10 "А" сыныбында "Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.  Күн тәртібіндегі мәселелер:  1. 2-тоқсанның қорытындылары.  2. "Құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары" тақырыбындағы түсіндірме жұмысы.  3. "Сыбайлас жемқорлықсыз ел — өркендеуші ел" тақырыбындағы баяндама.  4. Әртүрлі мәселелер.
Түсіндірме жұмысы: «Қаржылық сауаттылық»
19
январь
2023
Түсіндірме жұмысы: «Қаржылық сауаттылық»
19.01.2023ж. күні экономика және бизнес негіздері пәнінің мұғалімі Мәди Қуанышұлы «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында лицей оқушыларына түсіндірме жұмысын жүргізді. Мақсаты:  а) оқушылардың экономикалық білімдерін тексеру, тиянақтау, одан әрі танымдылық қабілеттерін арттыру; ә) оқушыларды білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу өз пікірін дұрыс мәдениетті түрде жеткізе білуге және топпен жұмыс жасай білуге үйрету; б) өз білімдерін өмірде қолдана білу қабілеттерін, экономикалық ой - өрістерін,
Хабарландыру
19
январь
2023
Хабарландыру
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2022 жылғы 5 тамыздағы №350 бұйрығына сәйкес мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға түсуге баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау
Ашық сабақ: «My favourite writer’s biography»
18
январь
2023
Ашық сабақ: «My favourite writer’s biography»
Лицейіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Алимбекова Халима Пернехановна 7 «Ә» сынып оқушыларымен «My favourite writer’s biography» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Тақырып бойынша оқушылар атақты адамдардың қанатты сөздерін талқылай алуы, кітап бөлшектерінің атауы мен қызметін білуі, кітап жанрларын ажырата алуы және қазақ және ағылшын жазушыларының өмірбаяны жайлы білуі сабақ мақсаттары болатын. Сабақ барысында оқушылар жеке, жұпта және топтарда жұмыс жасай отырып, берілген тапсырмаларды орындап
"Парасат” дебат клубы қазақ лигасы
18
январь
2023
"Парасат” дебат клубы қазақ лигасы
«Smart kids» қызығушылықты дамыту орталығы: "Парасат” дебат клубы қазақ лигасы.  🔸Тақырыбы: Қашықтан оқыту немесе Дәстүрлі оқыту?(2сағат) 🔹Мақсаты: Қарар бойынша дебат қатысушылары дәстүрлі оқыту мен қашықтан оқыту тақырыптарын таңдап алып, сол бойынша ой қозғады.Жақтаушы тобы дәстүрлі оқыту форматын қолдаса,даттаушы тобы қашықтан оқыту анағұрлым тиімді екенін алдыға тартты.
«ЗЕРДЕ» Республикалық конкурсының жеңімпаздары
18
январь
2023
«ЗЕРДЕ» Республикалық конкурсының жеңімпаздары
2-7 сынып оқушылары арасында «ЗЕРДЕ» Республикалық зерттеу жобалары конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Сынып сағаты: «Заңғар жазушының ғасырлық туындысы»
18
январь
2023
Сынып сағаты: «Заңғар жазушының ғасырлық туындысы»
Халқымыздың атақты жазушысы М.Әуезовтің 125 жылдығына орай 17 қаңтар 2023 жылы 10 «А» сыныбында «Заңғар жазушының ғасырлық туындысы» тақырыбында сынып сағаты өтті.  🔹Сынып сағатының мақсаттары: ❇️оқушыларға қазақтың әйгілі жазушысы Мұхтар Әуезов туралы мәлімет беру; ❇️қаламгердің әлем оқырманына кеңінен таныс ғасырлық туындысы – «Абай жолы» роман-эпопеясы жөнінде ақпараттандыру; ❇️ұлтымыздың ұлы тұлғаларының ерен еңбегін бағалауға баулу. Сынып жетекшісі: Мунасаева Рая Нуровна
"Парасат” дебат клубы ағылшын лигасы
17
январь
2023
"Парасат” дебат клубы ағылшын лигасы
«Smart kids» қызығушылықты дамыту орталығы: "Парасат” дебат клубы ағылшын лигасы.  🔸Тақырыбы: Cheating  in school is right 🔹Мақсаты:  Дебат мүшелерінің мектеп өміріндегі тапсырмаларды көшіру туралы дұрыс және теріс көзқарасын білу. Және мектепте академиялық шындықты қалыптастырудың жолдарын іздеу. Оқушылардың бойында өзіне деген сенімділігін арттыру арқылы білім саласында академиялық ұтқырлық пен академиялық шындықты күшейту.