Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ата-аналар жиналысы: «Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық»
20
январь
2023
Ата-аналар жиналысы: «Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық»
20.01.2023ж. күні 9 “Б” сынып ата-аналарымен ерекше форматта  ата-аналар жиналысы М.Әуезов  театрында ұйымдастырылды. Тақырыбы: «Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық». Қойылым аяқталғаннан кейін оқушылардың білімі мен тәрбиесі және т.б. мәселелер жайында айтылды. Ата- аналар үйден қадағалауын  айтты және оқушыларды жан- жақты дамыту үшін оқушылар арасында әртүрлі іс- шаралар  ұйымдастыруға жоспар құрылды. Сынып жетекшісі: Абдураимова Рая
Қыздар жиналысы: «Қыз бала денсаулығы – ұлт болашағының кепілі»
20
январь
2023
Қыздар жиналысы: «Қыз бала денсаулығы – ұлт болашағының кепілі»
20.01.2023ж. күні «Қыз бала денсаулығы – ұлт болашағының кепілі» тақырыбында 8-10 сынып қыздарына арналған қыздар жиналысы өтті. Жиналыста Алматы қаласы Репродуктивті медицина институтының дәрігері Меруерт Амирбековна дәріс оқыды. 🔸Жиналыстың мақсаты: салауатты өмір салтын ұстануды насихаттап, «Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» қағидасымен қыздардың денсаулығын нығайту бойынша тәрбие беру. 🔹Қыз бала ағзасының өзіндік ерекшеліктері бар: ер балаға қарағанда ол нәзік келеді,
Оқушылардың ұлттық дебат турнирі
20
январь
2023
Оқушылардың ұлттық дебат турнирі
Біздің мақтаныштар! Лицейіміздің “Парасат” дебат клубының мүшелері Олжабаева Айман және Рақымбай Сәуле “Оқушылардың ұлттық дебат турнирінің” қазақ лигасы бойынша аудандық кезеңде 🥇1 орынға ие болып, қалалық турнирге жолдама алды. 💐💐💐 Құтттықтаймыз! Жарайсыңдар! Қалалық турнирге сәттілік тілейміз!
Ашық сабақ: "The seasons and months of the year“
19
январь
2023
Ашық сабақ: "The seasons and months of the year“
Лицейіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Қарсақбай Зарина Әлібекқызы 5 "А" сынып оқушыларымен "The seasons and months of the year “ тақырыбында ашық сабақ өткізді. Осы тақырып бойынша жыл мезгілдері мен айлары туралы түсінік берілді.Жыл мезгілдерін қолдана отыра  өздерінің жазылым дағдыларын дамыту үшін бірнеше сөйлем құрастырды. Оқушылардың "Айтылым" дағдысын тереңдету және көру арқылы түсінік қалыптастыру мақсатында түрлі тапсырмалар мен видеоматериал берілді. Сонымен қатар, оқушылар жеке және
Тамақтану сапасына мониторинг
19
январь
2023
Тамақтану сапасына мониторинг
19.01.2023 жыл Тамақтану сапасына мониторингтік тексеру жұмысы Бракераждық комиссия мүшелері тарапынан жүргізілді.
Көрме: «Ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар»
19
январь
2023
Көрме: «Ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар»
19.01.2023ж. күні «Ұрпақ тәрбиесіндегі құндылықтар» атты көрме өтті. Көрме аясында оқушыларға ұлттық құндылықтар туралы, ұлы тұлғалардың тәлім-тәрбиелік мәні бар кітаптары мен шығармаларымен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар оқыған кітаптары туралы айтып, ой-талқы өтілді. Мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Ұйымдастырушы: Исагулова
Дөңгелек үстел: «Лайықты ұрпақты тәрбиелеу-Мәңгілік ел кепілі»
19
январь
2023
Дөңгелек үстел: «Лайықты ұрпақты тәрбиелеу-Мәңгілік ел кепілі»
19.01.2023ж. күні «Лайықты ұрпақты тәрбиелеу - Мәңгілік ел кепілі» тақырыбында 8 сынып оқушыларына дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: 🔸Биік шыңдарға біліммен шығуға баулу.  🔹Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту. 🔸Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірлеріңді тұжырымдап айтуға, еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға үйрену.