Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Педагогикалык идеялар фестивалі» республикалық конкурсы
06
февраль
2023
«Педагогикалык идеялар фестивалі» республикалық конкурсы
Бүгін 06.02.2023 жылы  “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығында «Педагогикалык идеялар фестивалі» республикалық конкурсы болып өтті.  🖋️Фестивальдің мақсаты: педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.  Конкурстың аудандық кезеңінде лицейіміздің мұғалімдері үздік нәтиже көрсетті.  ~география пәнінің мұғалімі Түменбаев Мади Қуанышұлы I орын
Қолөнер жұмыстарын таныстыру көрмесі
06
февраль
2023
Қолөнер жұмыстарын таныстыру көрмесі
Лицейімізде «Шебер қолдар» атты лицей оқушыларының қолөнер жұмыстарын таныстыру көрмесі өтті.💐
Қоғамдық- гуманитарлық кафедрасының онкүндігінің ашылуы
06
февраль
2023
Қоғамдық- гуманитарлық кафедрасының онкүндігінің ашылуы
6.02. 2023 ж. күні “Оқушыларды шығармашылыққа баулу арқылы функционалдық сауаттылығын арттыру” тақырыбымен Қоғамдық- гуманитарлық кафедрасының онкүндігінің ашылуы болып өтті. Ашылу салтанатында биылғы жылдың атаулы күндерін тарихи оқиғалармен байланыстыра отырып, жастардың санасына ел бірлігі мен тұтастығының негізі- өткен тарих пен әдебиеттің сабақтастығы болатынын оқушыларға жеткізді. Атадан балаға мұра болып келе жатқан салт- дәстүрлерімізді насихаттау мақсатында көрмелер жасалды.
Digital Almaty халықаралық форумы
06
февраль
2023
Digital Almaty халықаралық форумы
Жыл сайынғы Digital Almaty халықаралық форумы, Алматыда бизнес өкілдерінің, халықаралық сарапшылардың, it-қоғамдастықтың қатысуымен өтетін ең ірі Tech-іс-шара. Әлемнің төрт елінен 100-ден астам қатысушы робототехника, жаңа технологиялар және бағдарламалау саласындағы жарысқа қатысады, соның ішінде лицейіміздің 6 сынып оқушысы Тулебай Едіге өзінің робототехника командасымен форум шеңберінде үздік жобалар чемпионатына қатысып, алғыс хатпен марапатталды.
«Digital Almaty 2023» халықаралық цифрлық форумы
04
февраль
2023
«Digital Almaty 2023» халықаралық цифрлық форумы
2023 жылғы 2-3 ақпанда «Digital Almaty 2023: жаңа шындықтағы цифрлық әріптестік» халықаралық цифрлық форумы шеңберінде өткізілген инновациялық жобалар көрмесіне белсенді қатысқаны үшін лицейіміздің оқушысы Касимов Жәнібек алғыс хатпен марапатталды!💐💐💐 Құттықтаймыз!!!👏🏻👏🏻👏🏻
«Smart kids» қызығушылықты дамыту орталығы: «Шахмат» клубы
03
февраль
2023
«Smart kids» қызығушылықты дамыту орталығы: «Шахмат» клубы
«Smart kids» қызығушылықты дамыту орталығы: «Шахмат» клубы 🔸Тақырыбы: Кіші топ арасында блиц турнир 🔹Мақсаты: оқушылардың осыған дейін алған білімдерін тексеру
Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау
03
февраль
2023
Мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау
ҚР ОАМ «Дарын» РҒПО 2023-2024 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарының 5, 6, 7, 10 – сыныптарына қабылдауды жүзеге асырады. Негіздеме: «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы. Құжаттарды онлайн - тіркеу және қабылдау 2023 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында https://qabyldau.daryn.kz сайтында
М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы
02
февраль
2023
М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы
"Мамандықты дұрыс таңдау-болашақтағы жетістіктердің кепілі" тақырыбында 10-11 сынып оқушыларына М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу шарттары туралы мәліметтер берілді.