Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицейімізде сейсможаттығу өткізілді
01
март
2023
Лицейімізде сейсможаттығу өткізілді
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде 01.03.2023ж. күні 1 наурыз - Дүниежүзілік қорғаныс күніне орай Алматы қаласы бойынша сағат 10:00-де төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша сейсможаттығу өткізілді. Төтенше жағдай туындаған кезде алғашқы көмек қалай көрсетілуі жайында жаттығу көрсетілді.
Дөңгелек үстел: «МАМАНДЫҚТЫҢ БӘРІ ЖАҚСЫ, ҚАЖЕТТІСІН ТАҢДАЙ БІЛ!»
28
февраль
2023
Дөңгелек үстел: «МАМАНДЫҚТЫҢ БӘРІ ЖАҚСЫ, ҚАЖЕТТІСІН ТАҢДАЙ БІЛ!»
28.02.2023 ж. күні лицейіміздің 9 сынып оқушыларына «МАМАНДЫҚТЫҢ БӘРІ ЖАҚСЫ, ҚАЖЕТТІСІН ТАҢДАЙ БІЛ!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 🔹Мақсаты: Қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесу. 🔸 Міндеттері: — оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру; — кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында оқушылардың
Сынып сағаты: "Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні"
28
февраль
2023
Сынып сағаты: "Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні"
28 ақпан 2023 жылы 10 "А" сыныбында "Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.  🔹Сынып сағатының мақсаты:  ✓ оқушыларға 1 наурыз — Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні туралы мәлімет беру;  ✓ табиғи және техногендік апаттар кезіндегі қорғану ережелерімен таныстыру.  Сынып жетекшісі: Мунасаева Рая Нуровна
Алматы қаласының чемпионаты
28
февраль
2023
Алматы қаласының чемпионаты
Біздің мақтаныш  Лицейдің 7 “А” сынып оқушысы  Сержан Сара Алматы қаласының чемпионатында өткен 50 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жүлделі 1 орын иегері атанды. Құттықтаймыз!!!
Қалалық фестиваль: «Менің болашақ мамандығым»
28
февраль
2023
Қалалық фестиваль: «Менің болашақ мамандығым»
«Кәсіптік білім беру: табысқа жетудің жолы»  қалалық фестивалі аясында «Менің болашақ мамандығым» атты лицеймізде 9-сыныптар арасында жайдарман ойыны өтті.Оқушылар белсене ат салысып,орындармен марапатталды.
Эссе: "Мың алғыс,тілегім шексіз”
27
февраль
2023
Эссе: "Мың алғыс,тілегім шексіз”
1 наурыз - алғыс күніне орай лицей оқушылары «Мың алғыс,тілегім шексіз” тақырыбында эссе жазды.
Шахматтан жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат
25
февраль
2023
Шахматтан жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат
Лицейіміздің 9 “А” сынып оқушысы  Байтлеу Сырым шахматтан жасөспірімдер арасында облыстық чемпионатында 1 орынға ие болды!  Құттықтаймыз!
Көркем еңбек пәнінің өтілу барысы
24
февраль
2023
Көркем еңбек пәнінің өтілу барысы
Лицейіміздің 5 «А» және 5 «Ә» сынып оқушыларына көркем еңбек пәнінің өтілу барысы Тақырыбы: “Тігін бұйымдарын дайындау”. “Идеядан өнімге”  Пән мұғалімі: Какарманқызы Ш.
Сынып сағаты: «Мемлекеттік рәміздер- ел мәртебесі»
24
февраль
2023
Сынып сағаты: «Мемлекеттік рәміздер- ел мәртебесі»
Лицейіміздің 5 «Ә» сынып оқушыларына «Мемлекеттік рәміздер- ел мәртебесі» тақырыбында сынып сағаты өтілді. 🔹Мақсаты: Оқушыларды отансүйгіштік, адамгершілік тәрбиесі арқылы ел рәміздерінің мемлекеттік мәртебесін арттырып, қастерлеуге тәрбиелеу.  Сынып жетекшісі: Алмешова Зарина
Түсіндірме жұмыстары: “Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережесі”
24
февраль
2023
Түсіндірме жұмыстары: “Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережесі”
1 наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай лицей оқушыларына “Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережесі” туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.