Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Sky-Watcher телескобы арқылы Айды бақылады
27
апрель
2023
Sky-Watcher телескобы арқылы Айды бақылады
27 сәуiр 2023 жылы лицейімiздiң физика пәні мұғалімдері Қожабай Абай мен Қарсыбаев Бексұлтан Sky-Watcher телескобы арқылы Айды бақылады, нәтижесінде Айдың суретiн түсiру мүмкіндігіне ие болды.
Ашық сабақ: «Пайдалы әрекет коэффициенті»
27
апрель
2023
Ашық сабақ: «Пайдалы әрекет коэффициенті»
27 сәуір 2023 жылы 7 «Б» сыныбында физика пәнінен «Пайдалы әрекет коэффициенті» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.  Сабақта үй тапсырмасы learning apps қосымшасы арқылы «Миллион кімге бұйырады?» ойыны түрінде тексерілді. Ары қарай экспериметтік тапсырмалар мен деңгейлік есептер шығарумен жалғасты.  Кері байланыс padlet тақтасы арқылы алынды.  〽️Пән мұғалімі: Қарсыбаев Бексұлтан
"Open Air Sport" байқауы
27
апрель
2023
"Open Air Sport" байқауы
27.04.2023ж. күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде "Almaty Balafest-2023" фестивалі аясында "Open Air Sport" байқауы бойынша Бостандық ауданы мектептерінің арасында шахматтан жарыс өтті. Жарыс 2-4 сыныптар, 5-8 сыныптар және 9-11 сыныптар арасындағы санаттар бойынша өтілді. 9-11 сынып оқушылары арасынан Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің команда мүшелері  9 “В” сынып оқушысы Мұхаметқали Мерей  9 “Г” сынып оқушысы Васина Тамила І орынмен марапатталып, қалалық
Жас мамандарға арналған әдістемелік семинар
27
апрель
2023
Жас мамандарға арналған әдістемелік семинар
Сәуірдің 27-і М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде жас мамандарға арналған әдістемелік семинар болып өтті. Семинар барысында информатика пәнінің мұғалімдері сабақ өту барысында қолданылатын презентация жасау платформалары, онлайн ойын бағдарламаларын жасау бағдарламаларымен таныстырды. Информатика пәнінің мұғалімі ,жас маман Нурмукан Айдана Сейсенқызы 27.04.23ж әдістемелік семинарда  онлайн ресурстар бойынша әдіс тәсілдер көрсетті.Соның ішінде презентация жасау платформалары,онлайн
V қалалық педагогикалық оқу
26
апрель
2023
V қалалық педагогикалық оқу
«XXI ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтың көзқарасы» тақырыбында өткен V қалалық педагогикалық оқуларының III орын иегері Мунасаева Рая Нуровна марапатталды!  Құттықтаймыз!!!
V қалалық педагогикалық оқу
26
апрель
2023
V қалалық педагогикалық оқу
«XXI ғасырдағы ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтың көзқарасы» тақырыбында өткен V қалалық педагогикалық оқуларының III орын иегері Арын Нұрсұлу Дәулетбекқызы марапатталды!  Құттықтаймыз!!!
Сынып сағаты: "Темекінің адам ағзасына зияны"
25
апрель
2023
Сынып сағаты: "Темекінің адам ағзасына зияны"
25 сәуір 2023 жылы 10 "А" сыныбында "Темекінің адам ағзасына зияны" тақырыбында сынып сағаты өтілді.  🔹Сынып сағатының мақсаттары:  ✓оқушыларға темекінің зияны туралы мәлімет беру;  ✓зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу;  ✓салауатты өмір салтын насихаттау. Сынып жетекшісі:Мунасаева Рая Нуровна
Сынып сағаты: «Темекінің адам ағзасына зияны»
25
апрель
2023
Сынып сағаты: «Темекінің адам ағзасына зияны»
25.04.2023 жылы лицейіміздің 10 «Б» сыныбында «Темекінің адам ағзасына зияны» тақырыбында сынып сағаты өтілді. 🔹Мақсаты: Білімділік: оқушылардың бойында зиянды әдеттерге, атап айтқанда, алкоголь ішімдіктеріне, нашақорлыққа, темекі тартуға деген жиіркенішті ұғым қалыптастыру Тәрбиелік: маскүнемдіктің, нашақорлықтың зардаптары. Маскүнем ата-аналардан туған балалар ұмытшақ, алаңғасар, халқымызға пайдасыз болып өмірге келетінін жете түсіндіру. Дамытушылық: темекінің зиянына ғылыми дәлелденген
Іс-шара: «20 минут кітап оқы, 3 минут эссе жаз»
25
апрель
2023
Іс-шара: «20 минут кітап оқы, 3 минут эссе жаз»
25.04.2023 жылы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында лицейімізде «20 минут кітап оқы, 3 минут эссе жаз» іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға 6 “Б” сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға оқуға Марат Қабанбаевтың “Бауыр” әңгімесі ұсынылды. 🔹 Мақсаты: Көркем әдебиеттерге деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқырмандарды машықтандыру, тәрбиелеу, кітаптарға қызықтыра білуге үйрету, ұлттық тәрбиеге баулу.
Оқушыларымыз үлкен сахнада өнер көрсетті
24
апрель
2023
Оқушыларымыз үлкен сахнада өнер көрсетті
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 6 “А” сынып оқушылары Жаксымбет Әсет пен Серикова Айсұлу täuel[dı]sız – ән мен әуенді, би мен өнерді поэзиямен ұштастырған арт-жобада өз өнерлерін көрсетті.  Арт-жобада адамзат пен жасанды зият байланысы, саяси ахуал, табиғат пен діл мәселесі және әлем назарын аулаған сұм соғыс медиасауат тұрғысынан сахналанды. Үлкен сахнада өнер көрсеткен оқушыларымызға шығармашылық табыс, жаңа жеңістер тілейміз!