Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Директор кубогі-2023" шахмат турнирі
02
май
2023
"Директор кубогі-2023" шахмат турнирі
02.05.2023ж. күні Махатма Ганди атындағы #92 мамандандырылған лицейде директор Шажабаева Кульжан Сауытовнаның қолдауымен, "Өзін-өзі басқару ұйымы" және "Шахмат клубымен" бірлесе ұйымдастырылған лицейішілік "Директор кубогі-2023" шахмат турнирі өтті. Мақсаты: Лицейдің білім деңгейін көтеріп, дарынды оқушыларға қолдау көрсету.
«Менің сыныбым буллингке қарсы» челленджі
01
май
2023
«Менің сыныбым буллингке қарсы» челленджі
«Менің сыныбым буллингке қарсы» бейнероликтер, суреттер мен фотосуреттердің челленджі ▫️Мақсаты: балалар мен жасөспірімдер арасында буллинг мәселесіне оқушылар мен мұғалімдердің назарын аудару, буллингке қарсы сана-сезімін қалыптастыру, осы қауіпті әлеуметтік қылмысқа белсенді қарсы тұруға деген ұмтылысты тәрбиелеу. Лицейіміздің 5 “Ә” сынып оқушысы Ершат Нұрсипаттың суреті
Сурет байқауы: «1 мамыр - Бірлік күніне»
01
май
2023
Сурет байқауы: «1 мамыр - Бірлік күніне»
«1 мамыр - Бірлік күніне» орай сурет байқауы Лицейіміздің 9 «А» сынып оқушылары
Сурет байқауы: «1 мамыр - Бірлік күніне»
01
май
2023
Сурет байқауы: «1 мамыр - Бірлік күніне»
«1 мамыр - Бірлік күніне» орай сурет байқауы Лицейіміздің 8 «А» сынып оқушысы Миятқызы Мереке
"Абай оқулары" байқауы
30
апрель
2023
"Абай оқулары" байқауы
Республикалық "Абай оқулары" байқауының қалалық кезеңінде 9 "Б" сынып оқушысы Телібай Ескендір "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" номинациясы бойынша 🥉 3-орын алды. Құттықтаймыз!!!
Аралас жекпе-жектен «Октагон 44» турнирі
29
апрель
2023
Аралас жекпе-жектен «Октагон 44» турнирі
29 сәуір Алматы қаласында  аралас жекпе-жектен «Октагон 44» турнирі өтті. Осы турнирде М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің дене шынықтыру пәні мұғалімі Мейрманов Жасұлан өзінің кезекті 2-ші жекпе-жегін өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Жеңісіңізбен құттықтаймыз!!!
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
29
апрель
2023
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының II орын жүлдегерлері лицейіміздің 10 сынып оқушылары Әбіш Нұрәлім, Серікбай Ерсұлтанды құттықтаймыз!!!
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
29
апрель
2023
Республикалық ғылыми жобалар конкурсы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының II орын жүлдегерлері лицейіміздің 11 сынып оқушылары Данайбаева Айгерім, Касимова Мадинаны құттықтаймыз!!!
«VEX Robotics World Championship-2023» әлем чемпионаты
28
апрель
2023
«VEX Robotics World Championship-2023» әлем чемпионаты
2023 жылғы 25 сәуір мен 4 мамыр аралығында АҚШ-тың Даллас қаласында өтіп жатқан робототехникадан «VEX Robotics World Championship-2023» әлем чемпионатына Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жалпы білім беретін мектептердің 18 оқушысы республикамыздың құрама командасы атынан қатысуда. Соның ішінде лицейіміздің атынан 5 оқушы қатысып жатыр. 5 “Ә” сынып оқушысы Мыңжасар Мағжан 9 “В” сынып оқушысы Мыңжасар Мардан 9 “В” сынып оқушысы Нұрғали Санжар 9 “Б” сынып оқушысы Касимов Жанибек 10 “Б” сынып
Sky-Watcher телескобы арқылы Айды бақылады
27
апрель
2023
Sky-Watcher телескобы арқылы Айды бақылады
27 сәуiр 2023 жылы лицейімiздiң физика пәні мұғалімдері Қайратұлы Ақылжан мен Қуандықова Алия Sky-Watcher телескобы арқылы Айды бақылады, нәтижесінде Айдың суретiн түсiру мүмкіндігіне ие болды.