Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сынып сағаты: «Адалдық сағаты»
11
сентябрь
2023
Сынып сағаты: «Адалдық сағаты»
11.09.2023 күні 8 «Г» сыныбында сынып жетекшісі Алимбекова Халима Пернехановна «Адалдық сағаты» атты сынып сағатын ұйымдастырып өткізді.  Мақсаты оқушыларға адалдық туралы ұғымды тереңінен түсіндіріп, асыл қасиетті адам бойына сіңірудің жолдарын насихаттау болды. Оқушылар өз ойларын ортаға сала отырып, талқылау жасады. Адалдық тақырыбында мақал-мәтелдер айтылып, қанатты сөздерге шолу жасалды. Оқушылар талқылау мен әңгіме ету  арқылы арқылы адалдық жолында не жасау керектігін үйренді.
ҰБТ – 2024 ерекшіліктері
11
сентябрь
2023
ҰБТ – 2024 ерекшіліктері
11.09.2023 жылы «Білімді болашақ» оқу орталығының менеджері Тименов Айбын «Махатма Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицей» КММ-нің 10 және 11 сынып  оқушыларының ата-аналарына жаңа форматтағы 2023 – 2024 оқу жылының ҰБТ-дағы жаңалықтар мен өзгерістер туралы онлайн форматта жиналыс өткізді. Жиналысқа мектеп түлектерінің ата-аналарымен бірге мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері қатысты.   Жиналыста орталық менеджерлері «ҰБТ-2024» өткізілуі жөнінде ақпарат беріп,
Жалпықалалық сейсможаттығу
11
сентябрь
2023
Жалпықалалық сейсможаттығу
11.09.2023ж. күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде «Жер-2023» Республикалық оқу-жаттығу шеңберінде жалпықалалық сейсможаттығу өткізілді. Мақсаты: Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау. Жарақаттанған адамға “Алғашқы медициналық көмек көрсету” жұмысы жүргізілді.
Kazakhstan open – ҚР біріншілігі
10
сентябрь
2023
Kazakhstan open – ҚР біріншілігі
«Біздің мақтаныштар» ⚜️Лицейдің 11 "А" сынып оқушысы Ерғали Ераслан Kazakhstan open – ҚР біріншілігінде 3-орын алды.  💐💐💐 Құттықтаймыз! Биіктерді бағындыра беруіне тілектеспіз!
Халықаралық онлайн конференция
09
сентябрь
2023
Халықаралық онлайн конференция
"Медиасауаттылықты оқыту арқылы жасөспірімдермен өзара байланыс" атты Халықаралық онлайн конференцияға қатысқаны үшін Исагулова Айнур Жанатовна марапатталады. Құттықтаймыз!
QAZAQMURA цифрлық кітапхана жүйесі
09
сентябрь
2023
QAZAQMURA цифрлық кітапхана жүйесі
"QAZAQMURA цифрлық кітапхана жүйесі" атты семинарға қатысқаны үшін лицей кітапханашысы Исагулова Айнур Жанатовна марапатталады. Құттықтаймыз! #92лицеймақтаныштары