30
март
2026
Баяндама: «Педагогтің моральдық-адамгершілік бейнесі»
26 жылғы 27 наурызда М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде өткізілген педагогикалық кеңесте лицейдің «Әдеп кеңесінің» төрағасы Курманбаева Алия Акынкожаевна «Педагогтің моральдық-адамгершілік бейнесі» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндаманың мақсаты – педагогтердің кәсіби қызметіндегі адамгершілік құндылықтардың маңызын арттыру, ұстаздың тұлғалық бейнесін жетілдіру және білім беру үдерісінде этикалық нормаларды сақтау мәселелерін талқылау болып табылды.
Баяндама барысында педагогтің қоғамдағы орны, ұстаздың жеке үлгісі, сондай-ақ оқушылармен, ата-аналармен және әріптестермен қарым-қатынастағы әдептілік, жауапкершілік, адалдық, әділдік сияқты негізгі қасиеттер жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар қазіргі білім беру жағдайында мұғалімнің кәсіби этикасы мен мәдениетінің рөліне ерекше назар аударылды.