Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
ноябрь
2024

Әдістемелік кеңес

2024 жылдың 21 қараша күні М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде әдістемелік кеңес болып өтті.
Күн тәртібінде:
1.    «Ұстаздың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп» Баяндама.2.    «Бейін пәндерін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру». Шебер сабақтар3.     Олимпиада резерв мектебінің жұмыс барысы. Мектепішілік пәндік олимпиадасын өткізу іс-шаралары туралы.
    Кеңес барысында директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары С.Н. Рахманкуловна «Ұстаздың кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп» тақырыбында баяндама жасап, педагогикалық әдептің негізгі қағидалары мен ұстаздың педагогикалық әдепті сақтаудағы іс-әрекеттеріне тоқталып өтті. Екінші мәселе бойынша «Бейін пәндерін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру» тақырыбында  шебер сабақтар көрсетілді.
Информатика пәні мұғалімі Құандық Аршын бейіндік пәнді оқытуда оқушылардың кәсіби бағыты мен қызығушылығына сәйкес келетін практикалық тапсырмалар мен жобаларға басымдық берудің дұрыстығын және  теорияны өмірлік мысалдармен байланыстырып, олардың болашақ мамандығындағы маңыздылығын түсіндіру тиімді екенін атап өтсе, физика пәні мұғалімі Рамазанова Ақбаян оқушылардың өзіндік іс - әрекетін қалыптастыруда "Жобалық оқыту әдісі", "Креативті матрица әдісі", "STOP кадр" әдістерін ұсынды. Бұл әдістер оқушылардың бойында зерттеу және аналитикалық ойлау дағдысын, жауапкершілік және ынтымақтастық дағдысын, критикалық ойлау дағдысын, жүйелі ойлау дағдысын қалыптастыратынын атап өтті.  Сонымен қатар, директордың бейін жұмысы жөніндегі орынбасары А.М. Бақбергенқызы лицейдегі олимпиада резерв мектебінің жұмыс барысы мен мектепішілік пәндік олимпиадасын өткізу іс-шараларын атап өтті. 
Кеңес соңында қаулы оқылды.