09
апрель
2025
Әдістемелік семинар: "Білім беру ұйымдарында оқу үдерісін ұйымдастыру"
09.04.2025ж. күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, QyzPU Филология институты, Қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Білім беру ұйымдарында оқу үдерісін ұйымдастыру: ЖОО – Колледж – Орта мектеп» атты әдістемелік семинарда Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің директордың бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Абылқасым Мөлдір Бақбергенқызы «СТУДЕНТТІК ПРАКТИКА: АЛҒАШҚЫ ҚАДАМНАН КӘСІБИ ҚАЛЫПТАСУҒА ДЕЙІН» тақырыбында баяндама оқыды.
❇️Семинарға жұмыс берушілер мен сарапшылар, Алматы қаласындағы орта мектептер мен гимназиялардың мұғалімдері, әдіскерлер, сондай-ақ жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
❇️Іс-шараның мақсаты – оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдарын саралай отырып, білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту және оқу бағдарламаларының өзара үйлесімділігін арттыру.
❇️Семинар барысында «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының орта мектепке арналған үлгілік бағдарламамен сәйкестігі жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар жоғары курс студенттерінің педагогикалық тәжірибеден өту базалары нақтыланып, түлектердің теориялық білімдерін тәжірибеде тиімді қолдану жолдары талқыланды.
❇️Шара аясында жоғары оқу орындары, колледждер мен мектептер арасындағы білім беру бағдарламаларының мазмұнына сараптама жүргізіліп, оқу сапасын арттыру бағытында ұсыныстар жасалды. Сондай-ақ бітіруші түлектерді Алматы қаласындағы орта білім беру мекемелерінде жұмыспен қамту мәселелері көтеріліп, оны шешу жолдары ұсынылды.