16
май
2025
Арман Сүлейменовпен сұхбат
16.05.2025ж. күні Махатма Ганди атындағы №92 Мамандандырылған лицейі 11«Б» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен Арман Сүлейменовпен сұхбат форматындағы кездесу өтті. Ол танымал IT-кәсіпкер және nFactorial Group компаниясының негізін қалаушы.
🔰Сұхбат барысы:
11 «Б» сынып оқушылары Муқушев Тимур мен Кенжібаев Ануар Арман Сүлейменовтен сұхбат алды. Арман оқушылармен әсерлі кездесу өткізді: ол өз жолын қалай бастағаны туралы айтып, болашақ мамандық таңдау, мотивация және табысқа жетудің маңыздылығы жайлы ой бөлісті. Сонымен қатар, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз тәжірибесімен бөлісті. Ол жас ұрпаққа білімге құштар болуға, бастамашыл және табанды болуға кеңес берді. Кездесу өте пайдалы әрі шабыттандырушы болды. Арман Сүлейменовке алғысымызды білдіреміз!