Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2026

Экскурсия: Ұлы Отан соғысы – ұрпақ жадында»

03.03.2026ж.🇰🇿 «Ұлы Отан соғысы – ұрпақ жадында»
📍 Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайына М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушылары әскери-патриоттық тәрбие жоспары аясында «Ұлы Отан соғысы – ұрпақ жадында» атты тағылымды экскурсияға қатысты.
Экскурсия барысында оқушылар соғыс жылдарына арналған экспозициялармен танысып, қазақстандық батырлардың ерлігі, тылдағы қажырлы еңбек және тарихи маңызды оқиғалар туралы тың мәліметтер алды. Тарихи құжаттар, фотосуреттер, әскери киім үлгілері мен қару-жарақ түрлері оқушыларға ерекше әсер қалдырды.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, тарихи сананы дамыту және батырлар ерлігіне құрмет сезімін арттыру.
Осындай тағылымды кездесулер оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухын нығайта түседі.