Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Жас сарбаздар шеруі” әскери-патриоттық сапта ән айту шеруі сайысы
05
май
2025

“Жас сарбаздар шеруі” әскери-патриоттық сапта ән айту шеруі сайысы

05.05.2025ж. күні Алматы электромеханика колледжі мен Алматы қаласы Бостандық ауданы жалпы білім беретін мектептері арасында өткен 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған “Жас сарбаздар шеруі” әскери-патриоттық сапта ән айту шеруі сайысына М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің оқушылары қатысып, ІІІ орынға ие болды.
🔰Бұл іс-шараның басты мақсаты – білім алушылар арасында әскери-патриоттық сезім қалыптастыру, ұжымдық рухты күшейту, өзара көмек пен достық қатынасты тәрбиелеу болып табылады. Сонымен қатар, жастарды Отан қорғау борышын өтеуге дайындау және бұл құндылықтарды насихаттау өте маңызды мақсаттардың бірі болды. 
Сайыс барысында лицейіміздің оқушылары өздерінің әскери-патриоттық тәрбие алғандарын, ел алдындағы борыштарын өтеуге дайын екендіктерін көрсетіп, ерекше белсенділік танытты. Жетекшісі: ДТІЖО Орынбаева Алия Ахметовна