Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2025

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін еске алу іс-шарасы

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы қаласында Мәңгілік алау маңында Ұлы Отан соғысының ардагерлерін еске алу мақсатында мыңдаған қала тұрғыны жиналды. 
 ❇️Бұл атаулы шараға М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің ДТІЖО Орынбаева Алия Ахметқызы, АӘжТД мұғалімі, запастағы полковник Серік Сейтказинович Журекбаев әкесі Журекбаев Сейтқазының, жары Жанна Аманжолқызы Мухамеджанов Қабдығалым атасының портреттерін ұстап келді. Лицей оқушылары мен мұғалімдері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне деген шексіз құрметін білдірді.
❇️ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің өкілдері эстафетаны қабылдап алып, еліміздің болашағы үшін атқарылатын жұмыстар туралы айтты. Шарада лицей президенті Серік Алихан Ахметұлы, трибунада сөз сөйлеп,  ұрпақтың ерлігі мен батырлығын ұмытпай, елінің болашағын ойлаған бүгінгі ұрпақтың өз міндеттерін адал атқарып жатқандығы жайлы еліміздің атаулы телеарналарына  сұқбат берді. Сондай-ақ лицей парламентінің мүшесі Махмет Балнұр Алма ТВ, КТК телеарналарына сұқбат беріп, жас ұрпақтың Отанға деген патриоттық сезімін күшейту бағытындағы жұмыстар туралы айтып өтті.
❇️Бұл іс-шара өткен ұрпақтың ерлігі мен батырлығын ұмытпай, елінің болашағын ойлаған бүгінгі ұрпақтың өз міндеттерін адал атқарып жатқандығының көрінісі болды. Отанға деген құрмет, әскери дәстүр мен ерлік рухы қазіргі жастар үшін аса маңызды екенін атап өтуге болады.
Тарихи ескерткіштер мен батырларға тағзым ете отырып, біз болашаққа сеніммен қадам басамыз.