Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
ноябрь
2025

Химия пәні бойынша «Шеберлік шыңы» жобасы

Химия пәні бойынша «Шеберлік шыңы» жобасы  
Заманауи білім беруде жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолдану оқу процесін тиімді әрі қызықты ету мақсатында қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми–әдістемелік орталығы жаратылыстану–ғылыми бағыттағы пәндер бөлімінің химия пәні әдіскері Б.Әлімбекованың ұйымдастыруымен бекітілген кестеге сәйкес 2025 жылдың 20 қараша күні Бостандық ауданы М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің химия пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі, докторант, педагог–зерттеуші Мықтыбек Тәңірберген Бақытжанұлы «Химияны оқытуда жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен тиімділігі» тақырыбында химия пән мұғалімдерімен шеберлік сабақ өткізді.

Шеберлік сабақ барысында жасанды интеллект құралдарымен жұмыс жасаудың ерекшеліктеріне баса назар салып, практикада қолданудың әдістемесімен бөлісті. Атап айтқанда: D-id.com, Grok.com, Chatgpt.com, Canva, Gamma, WonderSlide, TeachShare, Jeda.ai, Gemini платформалары.

Шеберлік сабақ соңында 65 мұғалім өздерінің тарапынан кері байланыстарын беріп, ризашылықтарын білдірді.