28
август
2025
№1 Ғылыми-әдістемелік кеңес
М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде 2025 жылғы 28 тамыз күні №1 Ғылыми-әдістемелік кеңес өткізілді.
Кеңес отырысында ДОӘЖЖО Н.Р. Слямова мен ДБЖЖО М.Б. Абылқасым 2024–2025 оқу жылының жұмысын талдап, 2025–2026 оқу жылына арналған лицейдің негізгі бағыттарын таныстырды. Сонымен қатар, әдістемелік жұмыстардың, жас мамандармен және дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың жылдық жоспарлары қаралып, бекітілді.
Кеңес барысында келесі мәселелер талқыланды:
1. 2024–2025 оқу жылының қорытындысы және жаңа оқу жылына арналған даму бағыттары;
2. Педагогтарға арналған оқу семинарларының тақырыптарын анықтап, бекіту;
3. Бейіналды және бейінді оқытудың бағдарламаларын, элективті курстар мен дарынды оқушылармен жұмыстың жоспарларын қарастыру;
4. Жас мамандармен жұмыс жоспарын бекіту және тәлімгерлерді тағайындау;
5. Олимпиадалық резерв мектебінің жұмыс жоспарын бекіту және жетекшілерін тағайындау;
6. Шығармашылық топтарды құру;
7. «Теориядан практикаға» бағытындағы шеберлік сабағын ұйымдастыру.
Кеңес аясында келесі шығармашылық топтар құрылды:
- Жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу үдерісінде тиімді пайдалану;
- Педагогтердің ғылыми мақалалар жазуына, зерттеу жұмыстарына әдістемелік қолдау көрсету;
- Авторлық әзірлемелер дайындауда ұстаздарға көмек көрсету;
- Оқушыларды ғылыми жобаларға дайындау талаптары мен ерекшеліктерін түсіндіру.
Сонымен қатар, лицейдің химия пәні мұғалімі С.А. Каумбаев «Мектептегі ғылымның болашағы: химияны STEM арқылы оқыту әдістері» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.