Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
октябрь
2025

Жыланды мамандандырылған лицей-интернатымен меморандум

14.10.2025ж. күні Махатма Ганди атындағы мамандандырылған лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна мен Жетісу облысы «Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатының» директоры Рапилова Эльмира Жанатовна өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл қадамның мақсаты — білім сапасын арттыру, тәжірибе алмасу, бірлескен жобалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстары арқылы оқушылар мен мұғалімдердің кәсіби дамуына мүмкіндік жасау. 🌱

Меморандум аясында келесі бағыттарда жұмыс жүргізілмек:
✨ Авторлық бағдарламалар мен әдістемелік жобалар алмасу;
✨ Оқушылар арасындағы олимпиадалар мен ғылыми байқаулар ұйымдастыру;
✨ Педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуы;
✨ Бірлескен әлеуметтік және экологиялық бастамаларды жүзеге асыру.

Бұл серіктестік — білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктердің бастауы!