Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қалалық семинар-практикум: «Табысты авторлық бағдарлама: практикалық дағдыларды жүзеге асыру тәжірибесі»
27
март
2025

Қалалық семинар-практикум: «Табысты авторлық бағдарлама: практикалық дағдыларды жүзеге асыру тәжірибесі»

27.03.2025ж. «Табысты авторлық бағдарлама: практикалық дағдыларды жүзеге асыру тәжірибесі» тақырыбында Қалалық семинар-практикум өткізілді.
🔰Мақсаты: Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және білім беру саласындағы инновациялық тәсілдерді енгізуге бағытталған ұстаздардың авторлық бағдарлама негізінде тәжірибесін тарату.
❇️Күтілетін нәтиже:
-Табысты авторлық бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша практикалық дағдыларды қалыптастырады; 
-Қатысушы педагогтер авторлық бағдарламалардың 
құрылымы мен мазмұнын жасауда қолданылатыни заманауи әдістерді меңгереді;
-Педагогтер мен жас мамандар кәсіби құзыреттіліктерін  арттырады;
-Қатысушылар арасында тәжірибе бөлісу арқылы авторлық бағдарламаларға талдау жасап,  өзара ынтымақтастықты нығайтады;

❇️«Табысты авторлық бағдарлама: практикалық дағдыларды жүзеге асыру тәжірибесі» қалалық семинар-практикумы – білім беру саласындағы инновациялық әдістер мен авторлық бағдарламаларды әзірлеу, жүзеге асыру және тиімді қолдану мәселелерін талқылауға арналған маңызды іс-шара болып табылды.
Семинарға қала бойынша сегіз ауданның педагогтері келіп қатысты.  Семинар-практикум екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде лицей директоры К.С. Шажабаеваның алғы сөзімен ашылды. Кейін, Н.Р. Слямова мен Р.Н. Мунасаева «Авторлық бағдарлама: құрылымы мен жазу талаптары» тақырыбында өз баяндамаларын жасады.
Екінші бөлімде лицей мұғалімдері үш секция бойынша өз авторлық бағдарламаларының жүзеге асырылу тәжірибелерімен бөлісті. 
Семинар барысында лицей психологтары «Ұжымдық гормония» тақырыбында тренинг жүргізді. Қатысушылар семинар соңында кері байланыс берді.