17
январь
2025
Жылжымалы семинар: Табысқа жетелейтін ұжымдық тәжірибе алмасу
17.01.2025ж. күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей ұстаздары «Табысты мектеп: мектеп ұжымы арқылы білім сапасын басқару (Сингапур тағылымдамасы)» тақырыбында М.Базарбаев атындағы №138 гимназиясында республикалық жылжымалы семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты – Сингапурдың үздік білім беру тәжірибелерін негізге ала отырып, мектеп ұжымының рөлін арттыру арқылы білім сапасын басқарудың тиімді әдістерімен бөлісу.
Сингапур тәжірибесін терең меңгерген ұстаздар білім сапасын жақсартуда ұжымдық әрекеттің маңыздылығын ерекше көрсетті. Алдағы уақытта бұл семинар жаңа көзқарас қалыптастыруға ықпал етері анық. Осындай семинарлар білім сапасын арттыруда мектептер арасындағы серіктестікті нығайтып, мұғалімдерге өзара тәжірибе алмасудың маңыздылығын көрсетеді.
Семинарға Түркістан облысы, Алматы облысы мектептерінен келіп қатысқан ұстаздар өз алғыстарын білдірді.