04
февраль
2025
Іс-шара: «Жұлдыздар сөнбейді. Ауған батырлары»
2025 жылдың 4 ақпан күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде Ауған соғысының аяқталғанына 36 жыл толуына орай «Жұлдыздар сөнбейді. Ауған батырлары» атты іс-шара лицей әкімшілігінің басшылығымен ДТІЖО Орынбаева Алия Ахметовна мен АӘжДТ мұғалімі полковник Журекбаев Серик Сейтказиновичтің ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл іс-шара Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін ұлықтап, олардың батырлығын жастарға насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Концертке лицей Ауған соғысының ардагерлері полковник
Тергенбаев Кабдолла Ермекбаевич, Дюсенбаев Байылгожа Дюсенбаевич, Алматы қаласы Бостандық ауданының әскери есепке алу бөлімінің басшысы, полковник Қаржауов Мырза Асанұлы және лицей ұстаздары мен оқушылары, қатысты. Кеш барысында өнерпаздар Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетіп, патриоттық әндер мен қойылымдар ұсынды. Ардагерлерге ерекше құрмет көрсетіліп, оларды еске алуға арналған бейнемазмұндар мен естеліктер көрсетілді.
Бұл концерт тек мәдени шара ретінде емес, тарихымызды еске алып, сол кездердегі батырларымызға деген құрметімізді білдірудің маңызды бір көрінісі болды.